Облыстық прокуратура: Бақытбек Есентаев әйелін алдымен зорлап, содан кейін пышақтаған
2016 ж. 06 қыркүйек
5990
14
Баян Есентаеваның күйеуі әйелін өлтірмек болғаны үшін ғана емес, оны зорлағаны үшін де жауапқа тартылып отыр. Бұл туралы Today.kz жазды.
Оқиғаның көпшілікке белгісіз жай-жапсарын сайтқа Алматы облыстық прокуратурасы хабарлаған.
«Өзінің көлігінде Бақытбек Есентаев жұбайын алдымен зорлаған, содан кейін төрт жерден пышақтаған»,-деп прокуратурадағылар сотқа дейінгі тергеу кезінде тіркелген мәліметтерді жайып салды.
Прокурорлардың болжамынша, Бақытбек Есентаев кемінде 12 жылға бас бостандығынан айрылады.
«Осы жасаған қылмыстары үшін оған кемінде 12 жыл бас бостандығынан айрылу қаупі төніп тұр», — деп жазылған мақалада.
Бұдан бөлек, Баян Есентаева күйеуін ешқашан кешірмейтінін мәлімдеген. Белгілі продюсер тергеушілерден оны барынша қатаң жазаға тартуды сұрады.
Ал, Баян Есентаеваны соққыға жығу ісі сотта жабық режимде қаралады.
«Бұл істі айуандықпен қылмыс жасалған жердегі Талғар аудандық соты емес, қылмыстық істер бойынша мамандандырылған Алматы облыстық соты қарайды. Отырыстардың барлығы жабық есік жағдайында өткізіледі»,-делінген материалда.
Естеріңізде болса, Баян Есентаеваны неліктен күйеуі соққыға жыққаны жайында Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы, Бекболат Жексейітов айтып берген еді. Оның сөзінше, Есентаеваның күйеуі бұл әрекетке отбасын сақтап қалу үшін барған, әрі ол өзінің бұл әрекеті үшін өкінеді. Бақытбек Есентаев уақытша тергеу изоляторында жатқандықтан, оның Баянмен байланысқа шығып, одан кешірім сұрауға мүмкіндігі жоқ екен.
Есте болса, Баян Есентаева маусымның оны күні бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Кейін продюсерді ауыр жарақаттаған күйеуі оқиға кезінде мас болғаны анықталды. Тергеушілердің алдын ала болжамы бойынша, Есентаевтар арасындағы дау қызғаныш негізінде туған.