Исекешев марафон өткіземін деп Мәсімовтен сөз естіді
2016 ж. 05 қыркүйек
2772
1
ҚР Премьер министрі Кәрім Мәсімов жуырда Астана қаласында өткен "Астана-Марафонының" ұйымдастырылуын қатаң сынға алды, - деп хабарлайды qazaquni.kz тілшісі.
Премьер министр өзінің твиттердегі ресми аккаунтында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевке жұмыстың айтарлықтай деңгейде өткізілмегенін және бұдан былай мұндай жобаларды тікелей басшылыққа алуы керектігін айтты.
Атап өту керек, марафон кезіндегі үлкен жол кептелістері елорда тұрғындарының наразылығын тудырды. Мысалы, Астана қаласының тұрғыны, танымал суретші Аңсаған Мұстафа өзінің фейсбуктегі парақашасында кептеліс салдарынан сырқат баласын ауруханаға дейін көтеріп, 5 шақырым жаяу жүруге тура келгенін алға тартты.
qazaquni.kz