Үштілділік - ана тілінен жеріген бай балалары үшін жасалған
2016 ж. 03 қыркүйек
3935
19
Міне, ҮШТІЛДІЛІК не үшін керек екені анық болды! Бәсе, неге қазаққа сонша жаны ашып, "ағылшын тілін үйрен" деп жатыр десем... Үштілділік дегені - "Ана тілін үйренгісі келмеген жастармен (кімнің балалары екенін өздерің білесіңдер) қарым-қатынас АҒЫЛШЫН тілінде болсын" дегені ғой сонда.
Ал, мектеп бағдарламасынан АНА ТІЛІ пәнін алып тастағаны - құрдастары, замандастары "ана тілінен "3"-ке шыққан" деп айтпас үшін, "АНА ТІЛІН БІЛМЕЙДІ" деп айыптамас үшін болса керек. Бұл жерде "Әдебиеттік оқудан "3"-ке шығу намыс емес, ана тілінен "3" алғаны - ұят болатынын біліп отыр министрлік.
Осының бәрін Білім және Ғылым министрлігі асқан қулықпен жасап отырған жоқ па? Әйтпесе, АНА ТІЛІ пәнін мектепке ҚАЙТАРСЫН.!
Төлен Рамазанұлы,
Фейсбук парақшасынан алынды