Зағипа Балиева: Педофилдерді өлім жазасына кесу керек
2016 ж. 02 қыркүйек
4040
2
Педофилдерге өлім жазасы кесілуі мүмкін. Мәжіліс депутаты, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиеваның осылай деп айтқанын Астана арнасы хабарлап отыр.
Айтуынша, балаларға зәбір көрсеткендер әуелі заң аясында жазаланады. Десе де, мәжілісмен бұларға қатысты заң әлсіз екенін мойындайды. Осыған орай алдағы уақытта құжатқа тағы да өзгерістер енгізілмек. Егер осыдан кейін де қылмыс қатары азаймаса, өлім жазасын қолданамыз, деп қосты депутат.
"Заңды қатаңдату керек. Себебі қазір оннан он бес жылға дейін түрмеге жібереді. Меніңше, бүкіл өмірге түрмеге жабу керек. Бүгін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Ақтауда зорланған 6 жасар қыздың жағдайы әлі де ауыр екенін айтты. Көп қан жоғалтқан сәби есін жияған жоқ. Жақында ол санавиациямен Астанаға жеткізілген болатын", - дейді парламент мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Зағипа Балиева.