Ақтауда пара алған екі шенеунік ұсталды
2016 ж. 10 тамыз
2466
1
ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті Көліктік бақылау инспекциясының лауазымды тұлғасы Д. Асмамбетов пен Ф. Керпиковты ұстады,- деп хабарлайды qazaquni.kz.
Д. Асмамбетов пен Ф. Керпиков тұлғалар тобында алдын ала сөз байласып ,сомасы 300 000 теңге және «Жаңаөзен-Ақтау» тас жолында қара металл жүгін тасымалдау кезінде жәрдемдескені үшін жеке тұлғадан материалдық құндылық түрінде пара алған. Қазір екеуі де УҰО қамалды. Сот алды тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство баспасөз қызметінен.
qazaquni.kz