Қытайдың Ухань университетіндегі компартия үгітшілері Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің студенттік картасы мен университетке қонаққа келгенде түскен фотосын ерекше құрметтеп, арнайы стендке іліп қойған, - деп жазады ratel.kz.
Университет тіпті К. Мәсімовке «Қытайды тану жөніндегі Халықаралық кеңесші» деген атақ та беріп қойыпты.
«Біз Кәрім Мәсімовті «Қытайды тану жөніндегі Халықаралық кеңесші» деп атадық. Ол біздің университетке үлкен абырой әкелді. Осындағы конференцияда қытай тілінде сөйледі. Сондықтан, ол – адал түлек», - деген Ухань университеті насихат бөлімінің басшысы Фа Лин Чан Қазақстаннан барған журналистерге.
Сондай-ақ, ондағылар университет берген атақ Қазақстан премьеріне қандай да бір міндет жүктемейтінін айтқан.
«Оған ештеңе істеп қажет емес. Ол – біздің адал түлек. Ол Қытай мәдениетін насихаттайды. Кәрім Мәсімов – Қазақстан мен біздің университет байланысының символы. Кәрім Мәсімовтің арқасында біздің байланыстарымыз нығаюда», - деген қытайлық университеттің бас насихатшысы.
Фа Лин Чан кезінде К. Мәсімовке сабақ берген ұстаздардың бірі бүгінде Қытай Халық Республикасының мемлекеттік кеңесінде қызмет етіп жүргенін де айтыпты.
Қытайды Қазақстанға таныстыру мақсатында ҚХР Мемлекеттік кеңесі бастамасымен жүзеге асып жатқан «Қытайдың сыналуы» жобасына қатысқан журналистерге ол елдің коммунистері осылай мақтанған. Ал, суреті Қытай университетінің орталық фойесіне ілінген «адал түлектің» Қазақстан халқы алдындағы абыройы мен беделі өз алдына бөлек әңгіме, әрине.