Тасмағамбетов Балқаштағы Ресейге жалға берілген жердің аумағын қысқартты
2016 ж. 03 тамыз
2180
2
Ресей елімізге бірден 170-тен астам зениттік зымыранды сыйға тартпақ деп хабарлайды КТК арнасы.
Көршілеріміз бұған дейін 5 бірдей зениттік-зымыран кешенін жіберген болатын. С-300 деп аталатын кешен Алматы, Астана, Ақтау және Шымкентке қойылған еді. Енді Ресей дәл осы кешенге қажет 170 зениттік зымыранды тегін тарту етпек.
Мұндай әскери құрылғылар әуе кеңістігіндегі кез-келген қатердің алдын алып, жолын кесуге қажет. Сондай-ақ, қазақ жеріне келген Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен еліміздің Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов тағы бірқатар келісім жасады.
Балқаш торабын біздің әскерилер ресейлік офицерлермен бірге пайдаланатын болды. Қарағанды облысындағы зымыран шабуылына қарсы станцияны көршілеріміз 25 жылдан бері жалға алып отыр. Жаңа келісім бойынша, енді отандық әскерилер де зымыран ұшыру ісіне қатыса алады.
Сондай-ақ, Балқаш торабындағы Ресейге жалға берілген жердің аумағы да қысқармақ.