Фетхуллах Гүлен өлім жазасына тартылуы мүмкін
2016 ж. 29 шілде
4485
1
Төңкеріс әрекетін жасағандар кімдер?
15 шілдедегі төңкеріс әрекетін Түрік Қарулы Күштеріне (ТҚК) еніп «ұя» салып алған Фетхуллахшыл лаңкестік ұйымы (ФЕТӨ)/Параллель мемлекет құрылымы ұйымдастырды. ФЕТӨ Ұлттық Қауіпсіздік саясат құжаттарында «ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруші, «сырттай заңды сияқты болып бүркемеленген заңсыз ұйым» деген баға берілген лаңкестік топ болып табылады. Бұл туралы Түркия Президенттік әкімшілігіне сілтеме жасай отырып qazaquni.kz порталы хабарлайды.
[caption id="" align="aligncenter" width="720"] Фото: m.kp.ru[/caption]ФЕТӨ ұзақ жылдан бері ТҚК-не еніп алып, лауазымды орындарды иелену мақсатын жүзеге асыруға тырысуда. Мемлекеттің әртүрлі әкімшілік сатыларымен бірге ТҚК ішіне де кіру үшін ФЕТӨ заңсыз және құқыққа қайшы тәсілдер қолдануда. Осы тәсілдерге мысал ретінде мемлекеттік қызметке тұру үшін өткізілетін тесттерде заң бұзушылық пен көшірмені, ФЕТӨ мүшесі емес басқа мемлекеттік қызметкерлер туралы қаралау акциялдарын, саяси тұзақтар, тіпті адам өлімдерін көрсетуге болады.
ФЕТӨ ТҚК ішінде қалай кең етек жайды?
Елде «Эргенекон», «Балйоз» және «әскері тыңшылық» деген атпен соттық іс жүргізілген-тін. Мазмұны ТҚК офицерлері немесе отставкадағы офицерлердің саяси билікке ұмтылған төңкеріс әрекеттері болып табылатын соттық істерді ФЕТО –мен байланысы бар сот өкілдері өз мүдделеріне қарай қолданды.
ФЕТӨ мүшесі прокурорлар, судьялар мен жоғарғы сот органдары мүшелері әсіресе қолбасшылық құрамында кадр жетіспеушілігін туындату мақсатымен осы соттық істерде көптеген заң бұзушылыққа жол берді. Бұған мысал ретінде олар алға тартқан жалған дәлелдер мен жауаптарды көрсетуге болады.
(Мұндай мысалдардың саны өте көп). Аталған 3 соттық істе осы заң бұзушылықтар арқылы ФЕТӨ мүшелері армияның ішінде қызметтен аластатылған офицерлердің орнына 1980-нен бастап қазірге дейін заңсыз жолдармен ТҚК ішінде өз қорғауларына алған әскер фетөшілдердің қолбасшылық құрамына келуіне мүмкіндік туғызды. 17-25 желтоқсан төңкеріс әрекеті сәтсіздікке ұшырауы себепті ФЕТӨ мүшесі сот қызметкерлерінің әшкереленіп қалуының арқасында әскери бюрократиядағы осы тұзақ та су бетіне қалқып шықты. Кейіннен қайтадан жүргізілген соттық іс процестерінде қиянатқа ұшыраған әскерлерге қатысты айтарлықтай оңды шешімдер қабылданды.
ФЕТӨ мүшелері ТҚК –дегі қолбасшылық құрамынан босатылды ма?
Әскери қызметте өзгеріс жасау азаматтық қызметпен салыстырғанда өте күрделі түрде жүргізіледі және ұзақ мерзімді қажет етеді. ТҚК қолбасшылық құрамы сатысындағы қызметкерлердің қызметке тағайындалу немесе қызметтен алыну процестері көбінесе Жоғарғы әскери кеңестің (ЖӘК/ЙАШ) қаулыларына байланысты орындалады. Премьер–Министрдің төрағалығымен жылына бір рет өткізілетін ЖӘК мәртебе желісінде жаңа қызметтік тағайындауларды жүзеге асырады. ФЕТӨ мүшесі әскери қызметкерлер соңғы бірнеше жыл бойы мемлекет тарапынан анықталып, ЖӘК шешімдеріне сәйкес қызметтен аластатылуда.
Бүлікшіл ФЕТӨ-нің мақсаты не еді?
15 шілдеде төңкеріске әрекет қылған офицерлердің 2016 жылғы ЖӘК-те басым көпшілігінің қызметтен аластатылатыны белгілі болатын. Осы себепті ФЕТӨ мүшесі офицерлер армиядағы және мемлекеттің басқа құрылымдарындағы орындарынан айрылып қалмау және өздеріне қарсы демократиялық құқық күресі жүргізіп жатқан заңды үкімет пен Президентті орнынан құлату үшін осы төңкеріс әрекетіне кірісті.
[caption id="" align="aligncenter" width="700"] Фетхуллах Гүлен. Фото: clubz.bg[/caption]Фетхуллах Гүленнің төңкеріс әрекетімен байланысынан бас тартуы
Аты шулы ДАИШ, PKK, IRA сияқты лаңкестік ұйымдармен салыстыра кететін болсақ, ФЕТӨ қарулы қақтығыстарға қатысудың орнына керісінше жергілікті қозғаушы күштерді қолына қару алып қақтығысқа бағыттау шараларын ұйымдастырумен айналысады. Бұл топтың басшылары жасырынулары және сондай –ақ жасалған әрекеттерінен бас тарту жағынан да өзгеше. Мысалы, Әл –Каида, Әш –Шабаб сияқты лаңкестік топтар өздері жасаған лаңкестік оқиғаларды мойындаса, ФЕТӨ өз пайдасына қолданып отырған Ислам құндылықтардан ыдырап бөлінбеу және садақа, қайырымдылық сияқты өзін асырап отырған рефлекстер қолынан сусып шығып кетуіне кедергі болу үшін жасағандарынан бас тартады, осы оқиғалармен байланысы жоқ аңғал және бейсаясат бір діни жамағат сияқты көрінуге тырысады.
Фетхуллах Гүлен- өмір бойы қызу түрде саяси мәселенің бел ортасында жүргеніне қарамастан, өз тобын әрдайым жасырын түрде мәселелелермен еш байланыстары жоқ сияқты әрекет қылу керек екеніне иландыратын лаңкестік топ басшысы. Осы бағыттағы насихатын өз мүшелеріне жеткізу үшін айтқан көптеген сөзі ашық ресурстарда бар. Өзі басқарған 17-25 желтоқсандағы төңкеріс әрекетіне де қатысы жоқ екенін, аталған соттық іс тұзағын ұйымдастырған ішкі істер басқармасы мен сот органдары мүшелерінің бірде бірін танымайтынын алға тартқан. Әйтсе де, 17-25 желтоқсан төңкеріс әрекетінде маңызды роль ойнаған көптеген кісінің Фетхуллах Гүленмен байланысы бар екені анықталған. 15 шілдедегі бүлікке қатысқан офицерлердің де ФЕТӨ –мен байланыстарының бар екені туралы мәліметтер мен құжаттар бар.
Мысал-1: Параллель мемлекеттік құрылыммен байланысы бар деген айғақпен қызметтен аластатылған ішкі істер бөлімі басшысы болған бір кісінің 15 шілдеде түнде әскери униформамен Ыстамбұл облыстық ішкі істер басқармасын басып алған бір танктің ішінен шығуы.
Мысал-1: 15 шілдеде ұсталған бір кіші лейтенанттың алдымен Мухсин Языджыоглуна қатысты соттық істе құлаған вертолеттің маңызды бөлшегін жасырын түрде демонтаж жасау қылмысы бойынша соталды тергеуден өтуі; ал оның кейіннен ФЕТӨ мүшесі екені анықталған бір судья тарапынан соттық істі қарауды тоқтату туралы шешім қабылданып, бостандыққа шығарылуы;
Мысал -3: 15 шілде күні түнде Президент Р. Ердоганға қастандық жасау мақсатымен Мармаристе Президент тұрған қонақүйге барған Чигли 2 –нші Негізгі операциялық базада қызмет атқаратын екі кіші лейтенанттың бұйрықты азаматтық тұлға статусындағы бір мұғалімнен алуы; жалақыларының 20 % үзбей ФЕТӨ-мен байланысы бар бір қорға аударып отырғанын мойындауы.
Мысал -4: Бас Қолбасшы Хулуси Акардың адъютанты, жаяу әскер полковнигі Левент Түрккан тұтқындалғаннан кейін прокуратурада берген жауабында параллель мемлекет құрылымы мүшесі екенін мойындады. Түрккан прокуратурада берген жауабында орта мектепте оқып жүрген кезіннен бастап, Фетхуллах Гүлен жамағатына мүше екенін мойындады; 1989 жылы Бурса Ышыклар әскери лицейінің емтихан сұрақтарын бір күн бұрын жамағаттағы «ағаларынан» алғанын; Қолбасшылықта адъютант қызметіне тағайындалғаннан кейін жамағат атынан берілген міндеттерді орындай бастағанын; 2011-2015 жылдары арасында Бас Қолбасшы Неждет Өзелдің ең сенімді адамы болғанын; оның сөздерін үнемі тыңдағанын, Хулуси Акардың кезінде де осы міндетін жалғастырғанын; төңкерісті туралы хабарды да 14 шілде сағат 10-да алғанын айтқан.
Төңкеріске әрекет жасаған басқа фракциялар болды ма?
15 шілдедегі бүлік ФЕТӨ басшысы Фетхуллах Гүленнің бұйрығымен орындалса да, төңкеріске жеке бас мүддесін көздеген кейбір офицерлер де қатысты деп саналуда. Алайда, ФЕТӨ мен қалған төңкерісшілердің ТҚК ішінде шағын бір топ екенін де баса айта кету керек. ТҚК құрамындағы аталған шағын топ ұйымдастырған осы опасыз төңкеріс әрекеті армиямыздың атын тұтастай кірлете алмайды.
Төңкеріс әрекетіне халық қалай қарады?
15 шілдедегі төңкеріс әрекетіне барлық азаматтарымыз жұмыла отырып қарсы шықты және оған тойтарыс берді. Төңкерістің сәтсіз аяқталуында халқымыздың орны өте үлкен және маңызы ерекше. Тұтастай алғанда, барша Түркия Республикасы халқының ішінде төңкеріске қолдау көрсеткен кісілер немесе мекемелер мүлдем жоқтың қасы.
Төңкеріске әрекет қылған әскерлердің зорлық-зомбылыққа ұшырағандары туралы алға тартылған сөздер
Бұл жалған сөз. Халқымыз осы төңкеріс әрекетін жасаған лаңкестерге толықтай заңды қорғау шеңберінде өз қалауымен демократиялық қарсылық көрсетті. Намысты ту етіп осылай қарсылық көрсеткен халқымыз, әлбетте, біреу оң бетін шапалақпен тартып
жіберсе, сол бетін тосатын ұлт емес. Өлтірілген бүлікшілдердің барлығы полиция қызметкерлерімен болған қақтығыста өлгендер болып табылады. Қамауға алынған және тұтқындалған әскерлерге адами тұрғыдан және негізгі адам құқықтары контекстінде қаралуда. Түрік халқы - армиясын «Пайғамбар ошағы», ал әскерлерін еркелетіп «Мехметчик» дейтін халық. Кейбір медиа органдарында «әскерлерге зорлық –зомбылық көрсетілуде» деген тақырыппен бөлісілген көріністердің жалған екендігі бүліктен кейін бірден анықталды.
Төңкеріс әрекетіне кімдер қарсы шықты?
15 шілде төңкеріс әрекетіне Түркияның барлық саяси партиялары, барлық жас топтары, барлық үкіметтік емес ұйымдар мен барлық әлеуметтік–экономикалық артқы фондағы азаматтар абыройлы, демократиялық және орнымен қарсылық көрсетті. Төңкеріс әрекетіне көрсетілген осы қарсылық ешбір топтың немесе сыныптың монополиясында емес. Медиада халқымыздың тек бір ғана бөлігін төңкеріске қарсылық көрсетті деп жариялау, жадағай тілмен айтқанда, Түркияға жасалған әділетсіздік, халықтың қарсылығын қорлау болып табылады.
Төңкеріс әрекетін айыптаған әртүрлі қоғамдық топтар
* Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісте фракциясы бар және жоқ саяси партиялар
* Түркиядағы барлық діни жамағаттар (Алавит қорлары да бар)
* Әртүрлі салалардағы көптеген азаматтық ұйымдар
* Іскер адамдар тобы
* Спорттық клубтар
* Ұлттық және жергілікті деңгейдегі медиа ұжымдары
* Өнер адамдары мен танымал есімдердің бірлескен мәлімдемелері
* Шетелдегі қорлар/ұйымдар
Төңкеріс әрекеті кезіндегі медианың ұстанымы
Төңкерісшілдер нысанаға алған стратегиялық маңызға ие мекемелер тізімінде ең бірінші кезекте ұлттық телеарна каналдары тұрды. ТҮРКСАТ-қа шабуыл жасап, байланыс каналдарын жойғысы келген төңкерісшілдер ұлттық телеарна ТРТ мен жеке меншік CNN TÜRK –ті нысанаға алды. ТРТ-ны басып алып, «төңкеріс мәлімдемесін» оқытқан, CNN Türk студиясына баса көктеп кірген төңкерісшілдер қысқа уақыт ішінде бұл мекемелерден аластатылған.
Медианы жылдар бойы өздерінің қара пропагандасын насихаттау мен бас пайдасы үшін қолданып, баспасөз еркіндігін желеу ете отырып, билік күшіне ие болуға тырысатын ФЕТӨ қолына мүмкіндік тие сала тағы да медиаға шабуылдауға кірісті. Алайда, түрік медиасы төңкеріске әрекет еткендердің барлық қоқан –лоққысы мен зорлық –зомбылықтарына қарамастан, демократияны, халықтың қалауымен бостандықты таңдап, берік ұстаным танытты.
Төңкеріс әрекетінен кейін мемлекеттік қызметтен алу/қамау
ФЕТӨ жоғарыда айтылғандай, құпиялық пен өзін өзгеше көрсету қағидаларын ұстанатын, мемлекеттік құрылымдарда жасырын түрде жиналуға өте үлкен мән беретін және мемлекеттік басқару аппараты мен оның келешегіне осылайша қауіп төндіретін лаңкестік топ болып табылады. ТР мемлекеттік құрылымында көптеген азаматтық топтар мен жамағат мүшесі қызметкерлер бар. Мемлекеттің қызметтегілер Түркия Республикасы мемлекетінің мүддесі мен пайдасын өз бас пайдасынан және мүддесінен жоғары қоюы шарт. Алайда, ФЕТӨ мүшелері қызмет бабын мемлекеттік мүддеге емес, өз ұйымының мүддесі үшін қолдануда, мемлекетке зияндарын тигізуде.
Түркия Республикасы келешегіне қауіп төндіретін осы өте қауіпті төңкеріс әрекетінен аман қалды. Мәселенің маңыздылығын ескерсек, бұл төңкеріс әрекетін ұйымдастырған ФЕТӨ мүшелерінің немесе осы топпен байланысы бар кісілердің мемлекеттік қызметте бұдан әрі қалулары мүмкін емес. ФЕТӨ мүшелеріне қатысты ауқымды және әділ түрде зерттеу процесі ұзақ уақыттан бері жүргізіп келеді. Төңкеріс әрекетінен кейін мемлекеттік қызметкерлерге қатысты жүргізілген құқықтық процестер толықтай конституциялық құндылықтар мен заңның үстемдігі ескеріле отырып ілгерлеуде. Осы процесте нақты қорытындының алынуы, Түркия Республикасының төңкеріс әрекетімен қайтадан бетпе –бет қалмауы жағынан алғанда да өмірлік мәні бар мәселе болып табылады.
АҚШ-тың Фетхуллах Гүленді қайтарып беру процесі
Лаңкестікпен күрес- ұзақ жылдардан бері әлемнің күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселелердің бірі. Көптеген лаңкестік ұйым барша адамзатқа қауіп төндіруде. Осындай ортада әлемдегі елдер мен адамзат қоғамының аталған тақырыпта бірлесе әрекет етуі барлығынан да маңыздырақ.
Бірнеше елде ФЕТӨ-ға тәуелді немесе топпен байланысы бар көптеген мекеме бар. Осы жағынан алып қарағанда, ФЕТӨ негізінде халықаралық лаңкестік ұйым болып табылады. Білім, гуманитарлық көмек сияқты мәселелерді желеу ете отырып, ФЕТӨ жұмыс істеп жатқан көптеген ел осы ұйым қауіп төндіретін елдер арасында орын алады. Осы мәлімдемеде тілге тиек етілген мәселелер болсын, заңмен белгіленген мемлекетаралық міндеттемелер болсын, барлығы АҚШ–ты қалай да болса Фетхуллах Гүленді қайтарып беруге мәжбүрлейді. Түркия Фетхуллах Гүленнің қайтарылуы үшін стратегиялық әріптесі және одақтасы АҚШ-тың барлық құзырлы ведомоствосымен ресми түрде байланыс орнатты. Осы байланыстар нәтижесінде егер Гүлен қайтарылып берілмесе, онда Түркияда АҚШ Фетхуллах Гүленді қорғауына алды деген түсінік қоюлана түседі.
Өлім жазасы қолданылады ма?
15 шілдедегі төңкеріс әрекеті ең жеңіл түрде айтылатын болса, отанға жасалған опасыздық болып табылады. Бүлікшілерді өлім жазасына кесуді талап еткен қоғамдық пікір қызу түрде қалыптасуда. Демократиялық құқықтық мемлекет болып табылатын Түркияда бұл жайлы шешім қабылдайтын орган - халықтың даусымен оның ерік-күшінің өкілі Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі. Үкіметіміз де барлық мәселеде халқымыздың талаптарын құрметпен қарап ескереді, санасады.
Төңкеріс әрекетінен кейін «авторитаризм қайғысы»
15 шілдедегі төңкеріс әрекеті - халықтың қалауына, демократиямызға, құқыққа және болашағымыздың тамырына бұта шабу мақсатында жасалған опасыз шабуыл. Президент пен үкімет демократиялық және сайлау арқылы міндетін атқарып жатқан заңды билікті құрайды. Әсіресе халықаралық баспасөзде тілге тиек етілген «авторитаризм» сыны- ұзақ уақыт бойы жалғасып келе жатқан, әділетсіз түрге тағылған айыптау. Түркияда баспасөздің, азаматтық қоғамның және жеке тұлғалардың бостандығы көптеген жағдайда өз –өзін дәлелдеген.
Төтенше жағдай туралы
Төтенше жағдай дегеніміз- қоғамдық тәртіпке айтарлықтай дәрежеде нұқсан келтіретін қауіптерден азаматтарды, құқықты және демократияны қорғау мақсатында қолданылған шараларды қамтитын жағдай. Түркия Республикасы мемлекеті 15 шілде төңкеріс әрекетінде өте ауыр сынақтан өтіп қиындықты еңсерді. Фетхуллахшы лаңкестік ұйымы тарапынан Түркияға төндірілетін қауіп ескерілген жағдайда төтенше жағдай режимі азаматтарымыздың осы қауіп –қатерге ұшырамауы жағынан маңыздырақ.
Төтенше жағдай режимінде пікір мен сөз бостандығы, саяхат және информация бостандығы сияқты конституцияда азаматтарға танылған негізгі құқықтар мен еркіндіктің қорғалатына кепілдік береді.
Әлемдегі әртүрлі демократияларда қауіпсіздікке төнген қатерлерге қарсы бірнеше рет төтенше жағдай режимі енгізілген. Бұл ең соңғы рет 2015 жылы 14 қарашада Францияда, 2016 жылы 22 наурызда Бельгияда жарияланды. Лаңкестік шабуылдар тыным таппаған Францияда төтенше жағдай мерзімі 4 рет созылған болатын. Францияда бұл қазан айына дейін созылады.
Франция мен Бельгияға қарағанда өте ауқымды лаңкестік қатер төніп тұрған Түркияның өз азаматтарын осы қатерден қорғау құқықы мен жауапкершілігі талқыланбайды.
qazaquni.kz
Материалды көшіріп басу үшін qazaquni.kz порталына гиперсілтеме беруіңіз қажет.