Жол ережесін бұзған Мәсімовтің үстінен полицияға арыз түсті
2016 ж. 28 шілде
10655
2
"Азаматтық патруль" белсендісі ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің үстінен Ішкі істер министрлігіне арыз түсірді, - деп хабарлайды qazaquni.kz порталы.
Белсенді жол ережелерін өрескел бұзғаны үшін Мәсімовтің әкімшілік жазаға тартылуын талап етуде.
"Екі күн бұрын инстаграмм парақшасында ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің қымбат велосипед мініп тұрған суреті пайда болды. Суреттен көргеніміздей, Премьер автомагистраль бойында велосипедпен жылжып келеді. ҚР ЖЖЕ 16.1.1. бабына сәйкес автомагистраль бойында велосипедпен жүруге тыйым салынған және мұндай заң бұзушылық үшін ҚР ӘҚБК 615 бабына сәйкес 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады", - дейді белсенді. Белсендінің сөзін motor.kz порталы таратты.
Аталмыш портал хабарлағандай белсенді өзінің арызын электронды үкімет порталына да тіркеп үлгерген.
qazaquni.kz
Материалды көшіріп басу үшін гиперсілтеме беруіңіз қажет.