Бір сәлафит қылмыскерден қырылып қалған полицияға сенім қала ма?
2016 ж. 28 шілде
11570
8
18 шілдедегі Алматы қаласындағы болған атыс туралы әлеуметтік желілерде желдей ескен алыпқашпа әңгімелер, неше түрлі пікірлерге адамның көзі тұнады. Айдың-күннің аманында жайбарақат күнделікті тірлігіне бара жатқан тұрғындардың аяқ астынан атылған оқ, атыс-шабыс зәре-құтын қашырды. Бастапқыда ешкім ештеңе түсіне алмай дал болыпты. Артынша ресми ақпарат көздері Алматыдағы Ұлттық қауіпсіздік департаменті мен Алмалы аудандық ішкі істер бөліміне шабуыл жасалғанын мәлімдеді.
[caption id="" align="alignnone" width="800"] Фото: today.kz[/caption]Жападан жалғыз 11.00-де қарулы адам Алмалы аудандық ішкі істер департаментінің ғимаратына кіріп, кезекшілікте тұрған полиция қызметкерін жаралап, автоматын алып кеткен. Оның ізіне түскен «Боран» полиция жасағымен арада атыс болып, екі полиция қызметкері жарақат алған. Күдікті «Қазақконцерт» (Абылай хан—Әйтеке би) маңында қолға түскен. Оны ұстау кезінде тағы екі полиция қызметкері жарақаттанды. Нәтижесінде, алты адамның өмірін қиды, жеті адам ауыр жарақаттанып жан сақтау бөлімінде жатыр.
Министрлік ұсталған Руслан Күлікбаев екендігін, 1990 жылы туылған Қызылорда облысының тумасы, бұрын екі рет сотталғандығын жариялады. Осы оқиға туралы Астанада мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізіп, Алматыдағы қанды оқиғаларды теракт деп атады. 2006 жылы Алматы облысындағы «Бақай» мен «Шаңырақ» ықшамауданында қаншама қазақ зардап шекті екі адам қаза тапты. 2010 жылы Қызылағашта елім, жерім деп көшіп келген оралмандарды түнде суға ағызып жіберді. 2011 жылы 16 желтоқсан Маңғыстау облысы Жаңаөзен оқиғасы қанша қазақтың өмірін жалмады. Бірақ, «Қаралы күн» жарияланбады.
Биыл 5 маусым күні Ақтөбедегі терактыда жазатайым үш орыс өліп еді, «қаралы күн» жариялап шала бүлініп дүрлікті. Енді қаншама полиция қызметкерлері жер жастанса да, бірақ қаралы күн жарияланбады, өйткені қазақтың құны көк тиын сияқты.
Кешқұрым КТК телеарнасынан жаңалықтардан Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек көмекшілерімен ауруханаға бас сұқты. Сол ауруханада ұлынан айырылып, қабырғасы қайысып тұрған анаға көңіл айтты. Алматы әкімдігі қаза тапқандарға 15 миллион, ал жарақат алғандарға 5 миллион ақша беретін болды.
Дегенмен, халықтың көңілінде неше түрлі сұрақтар қалды. Р. Күлікбаев не үшін полиция қызметкерлерін нысанаға алды? Ол түрмеде отырған кезде, полиция қызметкерлерінен қаншалықты жәбір көрді әйтпесе, осыншама өштігіп қай атасының құны бар? Русланның жалғыз өзі осыншама полиция қызметкерлерін қырып салса, халықтың полицияға деген сенімінен не қалады? Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы В.Жұмаханов та, басында "қылмыскер "Аллаху акбар" деп айқайлаған жоқ жоқ! Ол жалғыз өзі болды"-дегенді жатта алғандай сан қайталаған Ішкі істер министрі Қ.Қасымов та кейін Руслан Күлікбаевтың сәлафиттік ұйымға қатысы бар екендігін мәлімдеуге мәжбүр болды. Русланның лаңкестік ұйымдармен қаншалықты байланысы бар екенін кім айта алады? Міне, осындай сұрақтардың жауабын халық ресми органдардан күтеді?
Жұмамұрат Шәмші,
Тарих ғылымдарының кандидаты
Материалды көшіріп басу үшін qazaquni.kz порталына гиперсілтеме беруіңіз қажет. Автор пікірі портал редакциясының ұстанымымен сәйкеспеуі мүмкін. БАҚ туралы заң аясында портал автор пікірі үшін жауап бермейді.