Еркеш Шәкеев жоғалып кеткен ұлын табуға халықтан көмек сұрауда
2016 ж. 17 шілде
1891
0
Алматыда белгілі қазақстандық композитор Еркеш Шәкеевтің ұлы, 25 жастағы Сафар Шәкеев әлі табылған жоқ. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.
«Кеше таңертеңнен бері жоқ. Оны соңғы рет Ремизовкадағы үй жаққа жаяу көтеріліп бара жатқанда көрген», – деді Сафар Шәкеевтің досы.
Оның айтуынша, жігіттің туыстары Алматы ІІД-не жүгінген. Тәртіп сақшылары іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Танымал сазгер, ақын әрі әнші Еркеш Шәкеев Алматыда жоғалып кеткен 25 жастағы ұлы Сафар Шәкеевті табуға жәрдемдесуді сұрады.
«Достар, менің ұлым Сафар Шәкеев жоғалып кетті. Ол 16 шілде күні таңғы 7-лерде жоғалды. Соңғы рет оны Сейфуллин көшесімен жоғары Әл-Фарабиден өтіп бара жатқанда көрген. Ремизовка ауданына қарай бет алған болатын. Бойы 187 см. Үстінде осы қызғылт жейде мен көк джинсы болды. Бүгін көрген адамдар болса немесе қандайда бір ақпараты бар адамдар табылып жатса, жеке хабарлама арқылы хабарлассын немесе осында пікір қалдырсын. Мейлінше, көп репост жасаңыздаршы, өтініш. Мына нөмірлерге хабарласыңыздар – 87082214007, 87025658889, 87754788771, 87017663616», – деп жазды Еркеш Шәкеев Facebook-тегі парақшасында.
Іздеушілер Сафарды көргендер немесе ол туралы ақпарат білетіндерге 8 (747) 626-48-54, 8 (701) 787-88-87, 8 (775) 478-87-71 нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды.
Еркеш Шәкеев – қазақстандық композитор.