Моңғолия Республикасының Премьер-Министрі Ж.Эрдэнэбат пен еліміздің Үкімет басы Кәрім Мәсімов кездесті – деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі жергілікті mnb.mn сайтына сілтеме жасап.
МӘСІМОВ ҚАНДАСТАРДЫ ЖАРЫЛҚАҒАН ЖОҚ
2016 ж. 17 шілде
2322
6
Кездесу барысында екіжақты біршама өзекті, халықаралық деңгейдегі кейбір түйткілді мәселелер талқыланды. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Баян-Өлгий аймағындағы табиғи апаттан зардап шеккен отбасыларға 200 мың доллар көлемінде ақшалай қаржы бөлінетінін мәлімдеді.
Кеше ғана Баян Өлгий қаласында болып, астына ат мініп қайтқан Кәрім Мәсімовтің бар жомарттығы 200 мың доллардан аспай қалғаны қалай?
Бүкіл ел болып, "Қазақстан Моңғолиядағы қандастарға қол ұшын созатын болды" деп тақиямызды аспанға атқандағы көмегіміздің түрі осы-ақ па?
200 мың доллар дегеніңіз екі-үш үй салуға ғана жететін қаржы. Жарайды, бес-алты үй салынсын делік. Қалған қазақ қайтпек? Далада қалмақ па?
Кеше бүкіл БАҚ пен әлеуметтік желі Үкімет басшысына ода айтып еді. Сол оданың өтеуіне бола қомақты көмек болар деп ойлағанбыз. Сөйтсек, Мәсімов мырза тағы да алдап кетті. Өзіне керемет жарнама жасап, әп-сәтте өзгеріп шыға келді.
"Қазақ үкіметі Моңғолиядағы қазақтарға 200 мың доллар берді" деп айтудың өзі ұят. Бұл біздің елдегі орта деңгейлі бизнесменнің қолынан келетін шаруа ғой. Бұлай күлкі болғанша, Мәсімов үкіметі бағзы қалпымен үндемей қалғаны жақсы еді.
Шәріпхан Қайсар
Abai.kz