Әзімбай Ғали. Ұлттық сананың белгісі - мобилизациялық ынта
2016 ж. 15 шілде
3250
2
Жалпы ұлттық сана биігінен қарағанда, наймандық, үйсіндік, адайлық, яғни рулар дегеніміз - бұлар көшелер, егер сен сол көшелер арқылы Қазақтыққа келсең - Сен Қазақсың! Егерде тілді, ділді, өмір салтын, тарихын білмесең, бар болғаны адасуың мүмкін...
Бәрінен де маңыздысы - Ұлттық сана және сол ұлттың мобилизациясында болу. Мобилизация дегеніміз -Ұлттың найзасы болу және керек уақытында керегіне жарау. Менің бір әріптесім, тарих ғылымдарының докторы, өз тегі дүбәра, өзі қазақша білмейді, былай деп жазатын: "Если казахи наплывут в города, то Алматы станет аулом и город саморазрушится". Екінші әріптесім - оның да тегі дүбәра, өзі қазақша біледі. Сонда үшеуміз де өзімізді найман - қазақ деп санаймыз, бірақ олар қазаққа қарсы, ұлтжанды тұлғаларға қарсы, тіліне қарсы күресіп келеді. ( Михаил Пак. Джанибек Сулеев: Казахское общество - "постколониальный синдром" за ширмой оголтелого национализма 2012, https://regnum.ru/news/1503361.html ) "Оголтелый националистердің" ішінде жалғыз мен емеспін - Айдос Сарым, Мақаш Тәтім, Арон Атабек. Бұларға қарсы - олар үшін қазаққа «үлгі болар тұлғалар» - "Нурболат Масанов (известный политолог, выступавший с критикой казахского общества), исследователь этнографии и антропологии Нуртай Мустафаев, так у него вообще жесткая точка зрения на этот счет, политолог Талгат Исмагамбетов считает, что страна становится все более восточной (азиатской) и нас ждет в ближайшем будущем всеохватная исламизация со всеми вытекающими отсюда последствиями. К слову, ничего позитивного он в этом не видит."
Соңғы кезде жаңа толкын сыншылар келді. Олардың ойынша, ең ұлтшыл Айдос Сарым. Айдос Сарым, "якобы уверено и со знанием дела заявивший о том, что "в случае начала войны в Карабахе, найдутся сотни, тысячи людей в Казахстане, которые будут готовы добровольцами воевать на стороне Азербайджана". А попутно Сарым подверг сомнению необходимость участия Казахстана в такой организации как ОДКБ, назвав ее "мертворожденной" и не отвечающей интересам казахского народа".
Зауалдығына сәйкес екінші орында - Әзімбай Ғали. Мен не бүлдіріппін?.. Менің пікірім былай болды: Егерде біздің балалар бізді тыңдамай Сирияға кетіп қалса, онда олар американдықтар және демократиялық оппозиция жағына шықса дедім. Әйтеуір ДАИШ пен АННУСРада болмаса. Ол жындылар біздің тілазар идеалистерді қырып салады. Одан соң тағы мен былай дедім: Сириядағы қалалардағы герилья тәжірибесі көңіл аударуға тұрарлық. Ол қандай шайқас тәжірибесі? Мәселенки, тар көшемен танктер мен БТРлар келе жатыр. Егерде бірінші және соңғы танкті өртесе, қалғандары кібіртіктеп шыға алмай, тұсалып қалады. Олар қозғалмайтын нысанаға айналады. Қала герильясы әдістерін шешендер Грозныйда орыс-шешен соғысында пайдалаған еді. Ал егер, айтқан жерден аулақ, біздің солтүстіктегі қалаларды жат ел әскері қоршап алса, біз Шешенстан және Сирия тәжірибесін пайдалансақ, басып ала алмауы мүмкін дедім мен. Менің келесі ұсынысым, соғыстан қайтқан қазақтарды әскерге инструктор ретінде алсақ дедім. Ресейдің өзінде өздеріне қарсы соғысқан шешендер мен орыстарға кешірім жасап, оларды басқа соғыстарда пайдаланбақ. Сонда Ресей тағы кіммен соғыспақ Украинадан басқа?.. Тағы бір менің ұсынысым, қаладағы соғыстың тактикасына қатысты. Оны айтпай -ақ қойдым... Ал Талғат Ибраев деген азамат Қазақстан әскери күштері ықтимал қала герильясына дайындықсыз болғанын қалайды деп ойлаймын.
Үшінші зауалды тұлға - Айдос Садықов. Ол жігіттің кінәсі - ол Ресейдің Украинаға агрессиясына қарсы екен, соған көмектесу керек дейді. Ресей аластатылған мемлекет. Барлық Батыс мемлекеттері және олардың одақтастары Ресей агрессиясына қарсы және Ресейге финанстық және технологиялық санкция салды. "Амнистированный уголовник" - Айдос Садыков, который вскоре после освобождения из мест заключения перебрался на Украину"-дейді әлгі Талғат Ибраев.
Менің бар түйгенім - біз ажыратуымыз керек: кім ұлтшыл, кім ресейшіл? Бұрын қазақтың руханиятына қарсылар көп болатын, қазір аз, бірақ олар әлі де зауалды...
Әзімбай ҒАЛИ,
саясаттанушы, тарих ғылымының докторы.
qazaquni.kz