Қазақтың кім екенін түсінген Мәсімов көші-қонды жолға қоятын шығар...
2016 ж. 14 шілде
2708
5
Қытайдан келетін қазақтардан талап ететін "Соттылық" туралы анықтаманың күшін жоюы тиіс!
Кеше ғана (2013 ж.) Үкімет оралмандарға төрт жылсыз Қазақстан Республикасының азаматтығы берілмейтін Заң қабылдатып тастағанда Зар жұтқан қазақ, бүгін Кәрім Қажымқанұлының арқасына шапан жауып, астына ақбоз ат міңгізіп, батасын беріп жатыр. Білсе, "Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш!" деген, міне, осы. Енді Мәсімов мырза Елбасы ерте жолға ғойған Көші-қон саясатын осы Баян-Өлгей сапарынан келе салып, қайта қолға алатын шығар! Алыс-жақын шетелдерден көшіп келіп, "Оралман" мәртебесін алған ағайынға ауылды жерден шаруашылық жүргізу үшін Жер телімдерін тездетіп беру керек!
Сыйлай білген қазақ, сілки де алады!
Сосын, бізді СОТҚА БАРҒЫЗБАЙ-АҚ, Қытайдан келетін этникалық қазақтардан тұрақты тіркеуге тұрарда талап ететін "Соттылық" туралы анықтаманың күшін жоюы тиіс.
Қазір шеттегі ағайын Қазақстанның экономикалық жағдайын жақсы біледі. Үкіметтен артық ештеме дәметпейді, тек Заңда белгіленген құқықтарына толық игіліктендірсе, жетіп жатыр. Азаматтық алу жеңілдетілді. Ары қарай өз беттерімен көшіп келіп, Үкімет айқындаған өңірлерге қоныстанып, өз күндерін өздері көріп кете береді.
Ауыт Мұқибек,
qazaquni.kz