Сапарбаев дүкенге келген кішкентай балаға күтпеген жерден сыйлық алып берді (фото)
2016 ж. 13 шілде
3831
15
Ақтөбенің кішкентай тұрғыны Бердібек Сапарбаевтан сыйлық алды. Әкім дүкенде жүрген баланың басынан сыйпап, тәтті алып берген.
Бұл туралы аймақтағы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Ақтөбелік тұрғындар облыс әкімінің көше аралап, халықпен жүздесу сәттерін әлеуметтік желіде жиі бөліседі. Альфия есімді тұрғын өз парақшасында әкімнің бүлдіршінге сыйлық жасағанын жазған.
Тұрғынның түсірген видеосынан кулинария дүкеніне кірген әкімнің кішкентай балаға тәтті алып беріп жатқаны түсіп қалған.
«Сенің атың кім? Ұялып қалды ғой деймін. Үйіңе барып мамаңа айт, саған берсін. Басқа біреуге беріп қоймасын», - деп әзілдеген облыс басшысы кішкентай баланың қолына жент ұстатқан.
Облыс басшысы атын сұрағанда ұялып қалған бала әкімнен алған сыйлығын қуанып мамасына көрсеткен.