Қазақстанның экс-Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова қайтыс болды
2016 ж. 03 шілде
3075
1
Бүгін Салидат Қайырбекова қайтыс болды, - деп хабарлайды qazaquni.kz тілшісі. Салидат Зекенқызы - мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Денсаулық сақтау министрі.
Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік – экономиялық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін 2009 жылында Қазақстан Республикасы мемлекеттік «Құрмет» орденімен марапатталған.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2010 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалған.
2014 жылдың тамызынан - 2015 жылғы 9 қазанға дейін - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі. 2015 жылғы 13 қазанда Салидат Қайырбекова «Ұлттық медицина холдингі» АҚ басқарма төрайымы қызметіне тағайындалған. Медицина ғылымдарының докторы.