ЖЕР ТАҒДЫРЫ - ЕЛ ТАҒДЫРЫ (фото)
2016 ж. 24 маусым
4834
2
"АҚ ЖОЛ" ПАРТИЯСЫ ЖЕР РЕФОРМАСЫНА ҚАТЫСТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
[caption id="attachment_54037" align="aligncenter" width="800"] SONY DSC[/caption] "Ақ жол" демократиялық партиясы Жер реформасына байланысты Алматы қаласында дөңгелек үстел өткізді. Пікірталасқа Парламент Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" партиясы төрағасы Азат Перуашев, партия төрағасының орынбасарлары Қазыбек Иса, Азамат Әбілдаев, Мәжіліс депутаттары Ерлан Барлыбаев, Берік Дүйсенбинов, партияның Орталық Кеңесінің хатшысы Арман Сқабылұлы, партияның Алматы қаласы филиаланың төрағасы Дмитрий Васильев, Алматы облыстық филиалының төрайымы Мейраш Шынасилова, партия белсенділері және түрлі бизнес, шаруашылық қауымдастықтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты. Бүгінгі күні үлкен дау-дамайға айналған жер мәселесі қоғамда қызу талқыланып, түрлі пікірлер айтылып жатыр. Жер кодексінің кейбір баптарына мораторий жарияланып, осыған орай құрылған комиссия өңірлерде көшпелі отырыстар өткізіп, халықтың ой-пікірін саралауда. Жиынды жүргізіп отырған партия төрағасы Азат Перуашев "Ақ жол" партиясының жер мәселесіне қатысты ұстанымдарын жеткізді. Ақжолдықтар бірнеше бөлімнен тұратын өз ұсыныстарын да әзірлеген екен. Бұл құжатта шетелдік кәсіпорындарға берілген қазіргі 51 пайыздық үлесті 25 дейін төмендетіп, жалға беруді 5 жылға түсіру, шекаралас мемлекет компанияларына жерді жалға мүлдем бермеу көзделген. Өзіміздің шаруашылықтарға бергенде оның мүмкіндіктерін ескеру қажет. Өйткені ертең несие алып төлей алмаса, жер банктерге өтіп кетуі мүмкін. Шаруашылықты дұрыс жүргізгендерге жерді жекеменшікке беру, жалға беру мөлшерлерін анықтау, жерге нақты бақылау жасау, керек болса жер қатынастары прокуратурасын ашу сияқты бірқатар ұсыныстар бар. Азат Перуашев Жер реформасына байланысты комиссияның мүшесі ретінде тұрғындардың өзге де ой-пікірлері мен ұсыныстары міндетті түрде ескерілетінін жеткізді. Бұл жолғы дөңгелек үстелде көпшілікті толғандырған ұсыныстар аз айтылмады. Жер сатылмайды! Жалға берілген күннің өзінде оны тек қазақстандықтар алу керек! Жиналғандар шекаралық аймақтағы жер телімдерін қатаң бақылауда ұстап, жергілікті адамдарға ғана жалға беруді ұсынды. Жалпы елдегі жекеменшікке берілген жерлерге тексеру жасап, оның заңды берілгенін анықтап қайта қарау керектігі талап етілді. Өйткені жекешелендіру кезінде билік басындағылар көрпені өзіне тартып, көптеген заңсыздықтар орын алған. Тағы бір ұсыныс - жерді сату, жалға беруді тек қана экономикалық емес, саяси мәселе деп қарау керектігін алға тартты. «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса жерді сатып алмай-ақ, жалға алып мол өнім алып, табысты еңбек етіп жатқан Оңтүстік өңір шаруашылықтарын мысалға келтірді. "Олар жерді сатып бермесеңдер істемейміз деп жатқан жоқ, өнімдерін алып, өндіріп еңбек етіп келеді. Жалға алған 49 жыл мерзімі біткенде, тағы ұзартып алуы керек. Яғни, жер сатудың соншалықты зәрлі болып тұрғанын көріп тұрған жоқпыз. Жер сатып, қарын тойдырамыз деп, қамыт сатып алмайық, Тәуелсіздікке қолымыз жеткені кеше ғана»-деп қауіп білдірді. Мәселе жергілікті тұрғындарға өз жерінде еңбек етуге толық мүмкіндік беруде екенін атап өтті. Осы тектес құнды пікірлер мен ұтымды ұсыныстар қасиетті жерімізге қатысты халықтың көкейінде қатталған мәселенің көптігін көрсетті. Алматы облысы Талғар, Еңбекшіқазақ, Балқаш ауданынан келген ауыл шаруашылық саласы өкілдері де өз ойларын ортаға салды. Олар үшін жер дауы сонау атышулы жерді жекешелендіру жылдардан басталған екен. Қырық жыл колхозда жұмыс істеп өздеріне тиесілі үлесін ала алмай жүргендердің зары тым ащы. Жергілікті билік адамдарға тиісті жер телімдерін өздерінің қалауынша үлестірген. Әрине, тегін емес. Жекешелендіруден кейін жер емген шаруалар жерден айырылып сорлап қалған. Жері болса, мал суаратын өзен-көлі жоқ. Оның бәрі басқа біреулердің меншігіне өтіп кеткен. Бұдан кейін мал өсірудің өзі мүмкін болмай қалғандығын, жұрт жұмыссыздықтан қалаға жаппай қоныс аударғанын, ауылдардың қаңырап бос қалғанын қынжыла айтты. Жиында сондай-ақ «Ақ жол» партиясы Орталық Кеңесінің хатшысы Арман Сқабылұлы, партия төрағасының орынбасары Азамат Әбілдаев, Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов, "Қазақстан құрылыс материалдары" өнеркәсібі қауымдастығы президенті Марал Томпиев, «Алаш айнасы» порталы бас редакторы Серік Жанболат, «Абай.кз» порталы бас редакторы Дәурен Қуат, "Қазақ үні" газеті Бас редакторының орынбасары Зейнолла Абажанов, Қапшағай қаласынан келген партия ардагері Қабылтай қажы Әлімбаев және т.б. сөз сөйлеп, өз ойларын, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Ия, жер тағдыры - ел тағдыры екенін бұл жолы да анық байқадық. Ең бастысы еліміздің көптеген өңірлерінде айтылған осындай құнды ұсыныстар ертең бұл мәселе Парламентте қаралғанда ескерілсе игі. Тағы да билік өз дегенін істеп, тұрғындардың тілегі айдалада қалып жүрмесе болғаны. З. ҚАБЫЛҰЛЫ qazaquni.kz [caption id="attachment_54038" align="aligncenter" width="734"] SONY DSC[/caption] [caption id="attachment_54048" align="aligncenter" width="753"] SONY DSC[/caption] [caption id="attachment_54049" align="aligncenter" width="963"] SONY DSC[/caption] [caption id="attachment_54057" align="aligncenter" width="800"] SONY DSC[/caption] [caption id="attachment_54050" align="aligncenter" width="800"] SONY DSC[/caption] [caption id="attachment_54039" align="aligncenter" width="673"] SONY DSC[/caption] [caption id="attachment_54040" align="aligncenter" width="800"] SONY DSC[/caption]