Әзімбай ҒАЛИ. Ресей насихаты қазаққа ұлттық фобия тудырады
2016 ж. 23 маусым
2951
2
Әлеуметтік- экономикалық және демографиялық кенжелеу, демографиялық өтпелі кезең әлі өтілмеді- биік туу көрсеткіштерден төмен көрсеткіштерге. Әзірше ең биік туу индуистерде, одан кейін- мұсылмандарда, одан кейін -католиктерде, соңында орыс православиясінде және протестанттарда. Бразилияда төл жұртшылық америкалық үндүстер, олардың үлесі көп. Солардың тууы биіктеу. Сол сияқты қара нәсілділердің бала көп болсын деген ұстанымдары мықты.
Бүгін біз мүлде басқа мемлекетте тұрамыз. Ұлтшыл толқын ұлтсыз толқынға қарсы, қазақшылдар империашылдарға қарсы, бәрі де 21 мамыр революциясының импульсы. Азаматтық қоғам оянды. Енді бұл толқынды тоқтату мүмкін емес. Жағдайдың белгісі қайраткерлер көз алдында тез саяси жоқтымға тез кететін болады. Саяси сана тез өседі. Қазақ актор болады, қазақ тілі фактор болады. Қоғам, қауым, сана сезім көп жаңғырады. Либералдық идея мен ұлтшылдық идея жарысып дамиды және бірге жүреді. Бізге жетпегені осы еді.
Фермерлерге жер жеке меншікке символикалық бағаға-жүз тенгеге сатылса. Ол жерді банкке тігіп кредитке трактор, авто сатып алса. Жерсізге қаланың түбінен үй салуга жер берсе, ол да кредит алып үй салса. Сонда еліміздің нарығы күшейеді, қоғам революциялық пиғылдан таяды. Ірі латифундистердің жерін-аудан, облыс деңгейінде жерін кәмпескелеу керек және фермерлерге арзанға тарату керек. Әйтпесе бізде феодализм мен антифеодалдық революциялар жәйлайды
Қазақ геноцидінің үш кезеңі айқын: бірінші кезең, отарлау және отаршылдық кезеңдегі геноцид. Қазақтың жерін иемдену, өзін ысыру, шоқындыру және ұлтық-азаттық қозғалыстады жаншу, қазақты қыру 1916 жыл; екінші кезең, Столыпин аграрлық саясаты, кеңес үкіметінің 1928-1933 жылдардағы қазақты ашаршылыққа ұрындыру саясаты; үшінші кезең, соғыстан кейінгі қазақ өлкелерінде ядролық қаруды сынау және 1986 жыл көтерілісі
Сегіз жағдай өзгерді: біріншісі, Қазақстан саяси егемен ел болды; екіншісі, қазақ саны он екі миллион болды, бұрын соңды болмаған санға көтерілдік, қазақтың өз үлесі 68%; үшіншісі, дін ислам көбірек қазақ арасында тарады, әсіресе мешіттер саны көбейіп, келушілердің сексен проценті жастар; төртіншісі, қазақ тілі көбірек тарап келеді. Тоқсан процент қазақ баласын қазақша оқытады, кейбір бұрын орыс тілді өлкелерде орысша білмеушілік пайда болды, жоғары оқу орындары техникалық және медициналыық мамандықтарды қазақша оқытатын болды; бесіншісі, азаматтық қоғам оянды, фейсбук деген пәле пайда болды-газеттің газеті, фейсбукті үйден қарауға болады екен, және кері байланыс та болады екен; алтыншысы, қазақ өз-өзіне жеткілікті, өзін сыйлайтын халыққа айналып келеді; жетіншісі, қазақ қалаға көшіп келді, қалалық ұлтқа айналды, қазақ баласын қала типті мектепте қазақша оқытатын болды; сегізіншісі, Қазақстанда екі тұрақты әлем пайда болды- бірі орыс әлемі, олар қазақшаны жақтырмайды, білмейді, оқымайды, керек етпейді, екінші әлем, қазақ әлемі оларда солай, бірақ керісінше: орысша оқымайды, жақтырмайды, білмейді, керек етпейді және екінші әлем жеңіп келетін сияқты.
Қазір кітап шығару өте қиын және шығынды, мен кітап шығару үшін өзім де, спонсор да шығындалады. Кітаптар аз тиражды болып тез тарап кетеді. Одан да шет елге мә деп тастаған жеңіл сияқты. Мен мақаларымды Ресей баспасөзінде шығырып кейін арғы шетелде кітапты бастырамын да мәз болам, ал басқа амал жоқ.
Хиджап киюшілерге мәдени, рухани ықпал өтімдірек болар. Мәселенки, студент қыздарға пәленді ки, пәленді киме деуге батпаймын, олар да мені тыңдамайтын шығар. Қысқа етекпен де, ұзын етекпен де күресуге Ұстаз ретінде құқым жоқ сияқты. Бірақ араби киім қазаққа келмейтін сияқты, олар бізге ақыл айтатын жағадайда емес. Арабтар туралы Германияда араб және ағылшын тіліндегі баспасөзді пайдаланып және көрген-білгенімді түзіп академиялық баспадан кітап шығардым, бірақ шығару құқығын соларға беруге тура келді. Басқа амал көрмедім
Қытайдікі бәрі жаман, Қытайдың ісі бәрі қауыпты деген сөз емес. Бізге экономикалық қатынастар мен саяси серттер байланыстар, тілдердің диверсификациясы керек. Қытай қаупі бар ма? Әр нәрсе қисынсыз және өрескел қисық, диспропорционалды бағыт алса -онда солай, белгілі дәреже қауіп қатер тудырады. Дәл қазіргі күні Ресеймен диспропорционалды жақын және зауалды қатынастар мойындайық. Керіснше, Батыс Европа мен АҚШ пен қатынастар мен байланыстар жеткіліксіз. Сол сияқты Қытай мен Қазақстан қатынастар аздық етеді. Екі мемлекетаралық қатынастар фобияларға ұшырады. Ол фобияларды тудыратын ішкі күдіктер мен Ресей насихаты. Әрине бұл насихаттың негізі жоқ емес. Мәселенки, украиндерді Ресей насихаты теледидар арқылы және ықпал агенттері арқылы Қытай қауыпі емес Батыс қауыпі мен қорқытады, сол сияқты НАТО мен гейнекелер, қызтекелермен шошытады. Олар-Батыс сендерді түп тұқиянмен сатып алады , жұтып қояды, тағысын тағы. Егерде Украинада Біріккен Батыстың ықпалы (Европалық Одақпен, АҚШ НАТОсымен) ол жағдайда Украина Ресейдің байырғы отары болудан қалады. Ұлттың басты белгілерінің бірі- ұлттық мобилизация жасау мүмкүндігі, біз Ресей, Қытай және Біріккен Батыспен көпвекторлы және теңвекторлы саясат ұстауымыз керек. Олай болса Ресеймен тым жақын болмау, бізге Ресейден Батыс пен Қытай жаққа жылжу керектігін айтпақпын. Ресей насихатының және олардың ықпал агенттері (кейбіреуі қазақ патриоты есебінде) негізгі ойы бізге өз теледидары, сайттары мен газеттері арқылы айтатыны Қытай қауыпін әсірелеу де Ресейдің қазаққа жақсылығын әспеттеу. Қытай қазаққа әрқашан жау еді деген тезис тарихи анықтауды керек етеді.. Бір ғана кері уәж айтайын- жоңғарды біз қазақ тек өз күшімізбен жеңген жоқпыз, Қытай мен бірге жеңдік те жоңғардың жәйлауы мен егіндігін иемдендік. Сол тұста Ресей езгісінен қашқан аз сан қазақ сол Шыңжанда көбейді. Қытай жоңғарға геноцид жасады, қырды, бірақ одан қазақтың да пайдасы болды. Қырғыз қазаққа жер мен жаңа кеңістік пайда болды. Қазақ қырғыз саны өсті. Айталық, қырғызда сарт қалмақ деген рулар бар. Қытайдағы албандар мен суандар, найман мен керейлер тез өсті. Әрине Қытай да, Ресей де, Батыс та туған әкең емес, сондықтан әр тараппен тең дәрежелі арақатынас ұстау керек деген ой өте маңызды. Осы үш тараппен көп векторлы және тең векторлы, тең дәрежелі қатынас керек. Ұзақ мерзімді болжамайық-күпірлік болар, орта мерзімде Қазақстанға Батыспен, Европалық Одақпен, НАТОмен одақ құру керек, себебі 12% қазақ жері Европада жатыр, біздің өмір салтымыз, менталдығымыз европалық. Сен қазақ европалық ұлтсың. Соны ұмытпайық. Біз европалық елміз деген уәжді көбірек айтайық, ағайын.
Қазақ әлемін қолдаймын: қазақ прогрестен қалмас үшін ағылшынды тез игереді орыс тілі есебінен, орыс тілінің статусы құлайды, қаншаға оны қазақ біледі. Ресейдегі дағдарыс Ресейді тағы да ыдыратуға апару мүмкін-қазір олар ұзақ уақыттық рецессия жолына түсті, олардың тұрмысы былтыр он процентке төмендепті, бірақ орыс тың-Путинді қолдайды.
Әзімбай Ғали
qazaquni.kz