ШАРДАРА ауданының ҚАШАН ҚҰРЫЛҒАНЫ ҚАШАН ТҮЗЕЛЕДІ?

Аудан 1969 жылы емес, 1964 жылы құрылған. Бұл қателік кітап құрастырушылардың жауапсыздығы ма, сауатсыздығы ма?

  shardara-1  

Туған өлкесiнiң тарихынан хабардар бола бастаған кез келген мектеп оқушысы мен көзi ашық, көкiрегi ояу әрбiр шардаралықтан ауданның құрылған жылын сұрай қалсаңыз, 1969 жылды айтатыны даусыз. Кеш болса да ашығын айту керек, бұл мүлде  қате пiкiр. Осы қате пiкiрдi қалыптастыру кiмнен  басталды деген  сұрақ тууы заңды.

Көкейдегi осы сұрақтың жауабын iздеп, қолымызға 2009 жылы Алматы қаласындағы «Арна» баспасында басылған «Шағалалы Шардара»      кiтабын алдық. Кiтап Шардара су қоймасы мен электр станциясы құрылысының басталғанына – 50 жылдығы мен Шардара ауданы мен қаласының құрылғанына – 40 жыл толу мерейтойына арналыпты. Кiтапты құрастырып, мақалаларды електен өткiзiп, дайындап, баспаға  ұсынған Жұмабек Мұқанов екен. Кiтапты парақтап  көрдiк. 12 – бетiнде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi Президиумының 13 қаңтар 1969 жылғы Жарлығы басылыпты. Онда Шымкент облысында Келес ауданын құру, Шардара ауданының орталығын көшiру туралы айтылыпты. Ары қарай оқи түсейiк, Қаулы 2 тармақтан тұрады.
  1. Орталығы Абай селосы болатын, құрамына Шымкент облысы Шардара ауданының Абай, Ақтөбе, Бiрлiк, Коммунистiк, Ленин жолы және Чапаев кеңестерi енетiн Келес ауданы құрылсын.
  2. Шымкент облысындағы Шардара ауданының орталығы Абай селосынан Шардара қаласына көшiрiлсiн, – делiнiптi.
Қаулыны қайта-қайта оқуыма тура келдi. Түсiнбегендiктен емес, одан Шардара ауданын құру туралы бiрде-бiр сөз таппағандықтан, әрине. Суретте: “Шағалалы Шардара” кiтабында Шардара ауданы құрылды деп берiлген Қаулының көшiрмесi, бiрақ бұл Қаулыда Келес ауданын құру туралы айтылған. Көңiлдегi күдiктi шешу мақсатында Шардарада көптен тұратын, осында еңбек  етiп, бұл күнде бейнеттiң зейнетiн көрiп отырған бiрнеше ақсақалдарымызға жолығып, пiкiрлесуге тура келдi. Мұрағаттарға барып, Шардара тарихына қатысты құжаттар алып, Шардара тарихы жазылған кiтаптарды жинастырдық. Ендi көнекөз қарияларымыздың пiкiрлерiне назар аударайық. Әбубәкiр Сыздықов: Шардара ауданының “Құрметтi азаматы”, зейнеткер. «1964 жылдың соңғы айының 31 желтоқсанында Шардара ауданын құру жайлы қаулы шықты. Мен ол кезде Шардара  кеңшарында партия ұйымының хатшысы болатынмын. Отырар ауданының құрамында болып келген Шардара кеңшары да 1964 жылдың 31 желтоқсанында Шардара ауданына берiлдi. 1965 жылдың қаңтар айының 14 күнi Абай селосында өткен Шардара аудандық партия комитетiнiң конференциясына Шардара кеңшарынан кеңшар директоры А.Нұрымов, бөлiмше бастығы Қ.Смаилов және мен қатыстым. Көксу совхозынан М.Қалмырзаев, М.Бектұрғанов, «Шардарақұрылыс» мекемесiнен Г.А.Те мен Д.Әлжановтардың қатысқаны есiмде қалыпты.  Пленумда Шардара аудандық партия комитетiнiң бiрiншi хатшылығына Т.Тумашев, хатшылары болып Қ.Айнабеков, З.Адиловалар сайланды. 1969 жылы қаңтар айында Келес ауданы құрылды. Шардара ауданының орталығы Абай селосынан Шардара қаласына көшiрiлдi. «Шағалалы Шардара» кiтабындағы Шардара ауданы 1969 жылы құрылды деген пiкiрi дұрыс емес. Кеңес Одағының Батыры С.Әшiровтi «Қоғалы» ауылында туылды дептi. Көзiн көрген батырдың туған жерiн бiлмеу ұят-ақ. Iзденсе, құжаттар табылар едi. Сондай-ақ кiтапта басқа да хронологиялық даталар қате жазылған. Түзеп, қайта жазу қажет». 01013   Тәңiрбердi Ағманұлы: Шардара ауданының “Құрметтi азаматы”, аудандық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы, зейнеткер. «26 қаңтар 1963 жылы Киров, Мақтарал, 31 декабрь 1964 жылы Жетiсай аудандары Өзбекстанның Сырдария облысына берiлдi. 1962-1963 жылдары Киров ауданының құрамында болған Шардара, Көксу,  Қызылқұм, Темирязев, Шымқорған, Сарыағаш  ауданының құрамында болған Сырдария, Арыс ауданының құрамында болған Сүткент, Байырқұм кеңшарлары қазiргi Отырар ауданына берiлдi. 1964 жылы орталығы Абай селосы болып, Шардара ауданы құрылды. Ол кезде Келес ауданы Сарыағаштың құрамында болатын. Ал Келес ауданы 1969 жылы құрылды да, Шардара ауданының орталығы Абай селосынан Шардара қаласына көшiрiлгенi есiмде. 1966 жылы мен партия қатарына қабылданып, Шардара ауданының бiрiншi хатшысы Т.Тумашевтың қолынан партия билетiн алдым. Шардара ауданы құрылғалы Киров, Келес аудандарының құрамында болған емес. Кейбiр шардаралық азаматтар күнi бүгiнге дейiн Шардара Келес ауданына қарады деп түсiнедi”. Құрманбек Шәметов: ақын, бiрнеше жыр жинақтарының авторы, зейнеткер. «Мен Келес ауданының тумасымын. 1963 жылы Келес ауданы таратылып, Сарыағаш ауданына қосылды. 1964 жылы Шардара ауданы құрылып, Абай селосы аудан орталығы болды. Мен тұратын ХХI партсъезд кеңшары да Шардара ауданының құрамына берiлдi. 1966 жылдан бастап Шардара аудандық «Өскен өңiр» газетiн жаздырып алатынмын. М.Әлжанов редакторы болатын. 1969 жылы Келес ауданы құрылған кезде ХХI партсъезд кеңшары Келеске қайта қосылды. Шардаралық көптеген тұрғындар Шардара Келес ауданының құрамында болды деген пiкiрде. Себебi, оларға баспасөз бен кiтаптар арқылы жалған мәлiметтер жеткен деп ойлаймын. Ж.Мұқанов «Шағалалы Шардара» кiтабында Шардара ауданы 1969 жылы құрылды деп жазыпты. Бұл дұрыс емес». 01016 1966 жылы 1 қаңтарда Абай селосында шыға бастаған Шардара аудандық «Өскен өңiр» газетiнiң тұңғыш саны.   Абылай Шайханов:  зейнеткер, Шардара ауданының “Құрметтi     азаматы”. «Ширек  ғасыр – шежiре», «Шағалалы Шардара» кiтаптарын оқығанмын. Екi кiтап та Шардараның мерейтойларына арнап дайындалған. Кiтапта аудан тарихы бұрмаланып берiлген. Пiкiр қайшылығы да көп. Ауданның ғана емес, кеңшарлардың да құрылған жылдары қате көрсетiлген. Ол “Шағала Шардара” кiтабын тарихи, энциклопедиялық анықтамалық деп атапты. Тарих – бұрмалауға келмейтiн ақиқат, энциклопедия – ғылыми електен өткен, дәлелденген тұжырым екенiн Ж.Мұқанов қайдан бiлсiн. Ол шардаралықтарға осы да болады деп ойлаған секiлдi. Тағы бiр айтарым, кiтапқа елге сыйлы бiрнеше азаматтардың сұхбаттары, мақалалары, жылы лебiздерi енiптi. Оларды Шардараның тарихынан хабарсыз деуге аузым бармайды. Оларға ауданның мерейтойына сұхбат берiңiздер деп ұсыныс айтқан кiтап шығарушылар кiнәлi деп ойлаймын. Тарихты жазу үшiн бiлiм мен сауат керек». Сөзiмiздi көбейтпей Шардараның тарихына сәл шегiнiс жасайық. Өткен ғасырдың 1928 жылы қазiргi Қ.Тұрысбеков және Қоссейiт ауыл округi мен Шардара су қоймасының астында қалған ауылдардың жер көлемi  кiретiн «Қызылқұм» ауданы құрылды. Аудан орталығы әуелi Ақтөбе селосы (Шардара теңiзiнiң астында қалған) болып белгiленiптi. 1930 жылы Шардара селосына көшiрiлген. Аудан мақта егумен, мал өсiрумен  шұғылданған. Ауданда 10 колхоз, 1 МТС болған. 1953 жылы Қызылқұм ауданының орталығы Мақталы (мұрағат құжаттарында осылай көрсетiлген) селосына көшiрiлiп, 1956 жылы Киров ауданына қосылған. 1962 жылдың қараша айында Киров ауданының құрамындағы Шардара, Шымқорған, осы жылдың желтоқсан айында Қызылқұм (қазiр Өзбекстанда), Көксу кеңшарлары Қызылқұм (қазiргi Отырар) ауданына қараған. 1964 жылдың 31 желтоқсанында Шардара ауданын құру жайлы Қазақ ССР Жоғарғы Советi Президиумының Указы жарияланады. 01017 1964 жылдың  31 желтоқсанда Шардара ауданын құру туралы Қаулы көшiрмесi Жаңадан құрылған Шардара ауданының құрамына Сарыағаш ауданына қарасты Абай, Ақтөбе, Ленин жолы, Чапаев, Қызылқұм (қазiргi Отырар) ауданының Шардара, Жаңашардара ауылдық кеңестерi мен Сырдария  поселкесi енген. 1965 жылы ақпан айында Абай, Бiрлiк, ХХI партсъезд, Келес, Байырқұм, 1969 жылы Сүткент кеңшарлары Шардара ауданының құрамына берiлдi. «Шағалалы Шардара» кiтабында аудан тарихы  емес, ондағы кеңшарлардың құрылғаны туралы деректер де бұрмаланыпты (151 бетте). 1965 жылы Шардара ауданында ҚР Министрлер Кеңесiнiң №468 Қаулысымен «Восход», 1967 жылғы №857 Қаулысымен Октябрьдiң 50 жылдығы атындағы, 1969 жылғы №339 Қаулысымен «Комсомол», 1971 жылғы №79 Қаулымен «Қазақстан», 1972 жылғы №103 Қаулымен «Целинный», 1977 жылғы №513 Қаулымен «Достық», 1978 жылғы №259 Қаулысымен «Ақ-Алтын», 1981 жылғы №311 Қаулымен Қазақстан Республикасы 60 жылдығы атындағы, 1984 жылы №97 Қаулымен «Жиделi», №188 Қаулымен «Жусанды» кеңшарлары бой көтередi. 01018 1965 жылдың 20 қаңтарында Т.Тумашевты Шардара ауданының бiрiншi хатшысы етiп бекiткен құжат. Құжат Шымкент облыстық партия комитетiнiң  бiрiншi хатшысы В.Ливенцовтың қолымен бекiтiлген.   1985 жылы Жусанды кеңшары таратылып, 1989 жылы қарашада Байырқұм, Жиделi, Аққала кеңшарлары Арысқа берiлген. Ендi Шардара ауданын алғаш кiмдер басқарды. Соған тоқталайық. Аудан 1964 жылы 31 желтоқсанда құрылғанын жоғарыда айтып өттiк. Ал 1965 жылы 14 қаңтарда, яғни Шардара ауданы құрылғаннан соң 14 күн өткенде, аудан орталығы болып белгiленген Абай селосында партия Пленумы болды. Сол күнгi ұйымдастыру Пленумында Шардара коммунистерi партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы етiп Т.Тумашевты, хатшылары етiп Қ.Айнабеков пен З.Адиловаларды сайлаған. Атқару комитетiнiң төрағалығына Халмат Нығметжанов тағайындалды.   1969 жылы 13 қаңтардағы №1452-II Қаулыға сәйкес Келес ауданы құрылып, Шардара ауданының орталығы Абайдан Шардара қаласына көшiрiлдi. Жаңадан құрылған Келес ауданынның бiрiншi хатшысы болып 1965-1969 жылдары Шардара ауданын басқарған Тумашев Тлеуберген Кусбасчинович тағайындалса,  Шардара ауданына бiрiншi хатшы етiп 1969 жылы 27 ақпанда өткен Пленумда шардаралық коммунистер Қауысбек Тұрысбековты сайлады. 01019 1969 жылдың 28 сәуiрiнде Қ.Тұрысбековты Шардара ауданының бiрiншi хатшысы етiп бекiткен құжат. Құжат Шымкент облыстық партия комитетiнiң  бiрiншi хатшысы В.Ливенцовтың қолымен бекiтiлген.   Ендi Шардара қаласына тоқтала кетейiк. 1958 жылы негiзi қаланған Сырдария поселкесi 1968 жылы 9 тамыздағы Қазақ ССР Жоғарғы Советi Президиумының №1102-ҮII Указына сәйкес Шардара қаласы аталып, 1969 жылдың қаңтарынан Шардара ауданының орталығы болып белгiлендi. 01020 Сырдария поселкасын Шардара қаласы деп атау туралы Қазақ ССР Жоғарғы Советi Президиумының 1968 жылғы 9 тамыздағы Указының көшiрмесi. Шардарада 1994 жылы ауданның 25 жылдығы кең көлемде аталып өттi. Дүркiреп өткен той  көпшiлiктiң есiнде болар. Бiрақ 1994 жылы Шардара ауданына 30 жыл толған едi. Осы мерейтойға байланысты Ж.Мұқанов «Ширек ғасыр - шежiре» атты кiтапша дайындады. 2009 жылы ауданның 40 жылдығына орай  құрастырған «Шағалалы Шардара» кiтабы жарық көрдi. 2014 жылы Шардара ауданының 45 жылдығы  аталып өтiлдi. «Тұңғыш Президент» саябағы алдына аудан тарихы тасқа қашалып жазылған үлкен тақта орнатылды. 1964 жылы құрылған Шардара ауданына 2014 жылы 50 жыл толған болатын. Аудан тарихын 1969 жылдан басталады деп мерейтойлық кiтаптар шығарып, мақалалар жазып, қалың оқырмандар мен шардаралықтарға жалған ақпарат таратқан Жұмабек Мұқановқа қателiгiн бетiне айтатын, көкiрегi ояу, сауатты  азаматтардың үнсiз қалғандығына iштей таңданасың. Жуырда Ж.Мұқанов аудандық мәслихатқа хат жолдап,  менiң атыма орынсыз, дәлелсiз сындар айтыпты. “Әзiрге Бас редактордың өзiм бiлемдiгiне әй дейтiн әже, қой дейтiн қожа табылмай келедi. Бұл заңсыздық қашанға дейiн жалғаса бермек. “Өскен өңiрдiң” тарихын бұрмалау – Шардараның өткенiне күл шашумен бiрдей жағдай. Шектен шыққан сорақылық екендiгi дәлелдеудi қажет етпейдi”, – дептi хатында ол. "Жүйесіз сөз иесін табады" дегендей, дәл осы сөз авторының өзіне сұранып тұрғанын жоғарыдағы Шардара ауданы тарихының жауапсыздықпен, әрі сауатсыздықпен бұрмаланғаны дәлелдесе керек... Сондықтан мен “Өскен өңiр” газетi мен Шардара тарихына кiмнiң қиянат жасағанын көзi қарақты оқырмандардың көзі жетіп отыр деп ойлаймын... Ауданымыздың құрылу тарихы жайлы ақиқат осы, ағайын. «Ештен кеш жақсы», – дейдi дана халқымыз. Шардара тарихы түзелер, түзетiлер...

                                                      Есенбай БЕЙСЕНБИЕВ,

Қазақстан Журналистер

одағының мүшесi