Азат Перуашев жаңа төрағаның келуімен партиялардың пiкiр айту құқығы шектелмейтініне үмiт бiлдiрдi.
2016 ж. 22 маусым
2635
0
Мәжiлiстегi «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшiсi Азат Перуашев жаңа төраға Нұрлан Нығматулиннiң келуiмен барлық партия өкiлдерiнiң отырыстарда өз пiкiрiн айту құқығы шектелмейдi деген үмiт бiлдiрдi.
Оның айтуынша, басқа төрағалардың кезiнде мәжiлiстегi билiк партиясынан өзге партиялық фракциялардың өкiлдерiне сөз бермеу тәжiрибесi болған, деп хабарлайды BNews.kz. «Жаңа спикердiң келуiмен парламент жаңа салмаққа ие болатыны сөзсiз. Бiрнеше жағдайды естерiңiзге сала кетейiн, ол пленарлық отырысқа дайындалмай келген министрлер, вице-министрлердiң баяндамаларын күн тәртiбiнен алып тастаған болатын. Бұл шенеунiктердiң депуттар алдындағы есебiне жауапкершiлiкпен қарауына ықпал еткенi даусыз», - дедi Перуашев журналистерге берген сұхбатында. Оның айтуынша, тағы бiр маңызды жайт, Нұрлан Нығматулин төраға болған кезде парламенттегi партия фракцияларының өз пiкiрiн айту құқығы шектелген жағдай болмаған. «2012 жылдан 2014 жылға дейiн егер қандай да бiр фракцияның өкiлi сөз сұраса, ол талқылау кезiнде пiкiр бiлдiрсе де, оған сөз мiндеттi түрде берiлетiн. Нығматулин кеткеннен кейiн бес рет «Ақ жол» партиясы өкiлдерiне сөз берiлмедi. Бұл туралы бiрнеше рет айттым. Өткен аптада депутат Косаревке (Владислав Косарев - коммунистiк партияның мәжiлiстегi фракциясының жетекшiсi) сөз бермедi. Бұл дұрыс емес. Еуропаның көптеген елдерiнiң заңнамаларында парламенттiк оппозицияның сөз сөйлеу құқығы нақты жазылған. Бiзде бұл тәртiп бұзылатын», - деген Перуашев Нұрлан Нығматулиннiң қайтып келуiмен бұл жағдай түзелетiнiне үмiт бiлдiрдi. Айта кетейiк, бүгiн мәжiлiстiң жалпы отырысында депутаттар Нұрлан Нығматулиннiң кандидатурасына бiрауыздан қолдау танытты. 102 депутат Мәжiлiс спикерiн жасырын дауыс беру арқылы сайлады. Нұрлан Нығматулин бұған дейiн де мәжiлiс төрағасы болып қызмет еткен едi. Бұл лауазымды ол 2012 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың сәуiрiне дейiн атқарды. Әр жылдары Нұрлан Нығматулин президент әкiмшiлiгi жетекшiсiнiң орынбасары және басшысы, Қарағанды облысының әкiмi болып қызмет атқарды. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары болды.