Мәсімов допинг дауын тезірек шешуді тапсырды
2016 ж. 21 маусым
1812
0
Үкіметтің бүгінгі отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімов допинг дауына қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды Baq.kz.
"Мен Мәдениет және спорт министрлігіне, сондай-ақ ұлттық Олимпиада комитетіне нақты тапсырма беремін. Біздің спортшылар осы сынақтан өтуі үшін барын салу қажет. Бәлкім, жеке меншік демеушілерді тартып, сапалы зертхана құру қажет. Біздің спортшыларымыз ол тесттен жарысқа дейін өтсе, ешқандай күдіктер болмайды. Спортшылар да сенімді болады. Әлем өзгеріп жатыр. Мен өзім Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Бах мырзамен талай рет кездескенмін. Ол допингпен күрес мәселесі жайында ылғи айтып отыратын. Сондықтан комитетпен бірлесіп жұмыс істеп, осы мәселені тез арада шешу керек",- деп атап көрсетті Кәрім Мәсімов.