Ақтөбе оқиғасы: Қарулы қақтығыс жасағандардың аты-жөні белгілі болды
2016 ж. 07 маусым
2455
0
Ақтөбеде қылмыс жасаған күдіктілердің суреттері пайда болды. Бұл туралы "Қазақстан-Ақтөбе" телеарнасы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Телеарнаның мәліметінше, өңірдегі құқық қорғау органдары соңғы екі күнде Ақтөбеде аса ауыр қылмыстарды жасады деген күдіктілердің бағыттама қағаздарын таратқан:
Таңатаров Дмитрий, 1989 жылғы, Ақтөбе тумасы;
Таңатаров Арсен, 1990 жылғы, Ақтөбе тумасы;
Жұбанов Айдос, 1985 жылғы, Ақтөбе облысының тумасы;
Қуанышбаев Бақыт, 1983 жылғы, Қызылорда облысы, Сырдария ауданының тумасы;
Сейілов Нұрлан, 1985 жылғы, Ақмола облысы, Есіл ауданының тумасы;
Ақпанбетов Әлібек, 1989 жылғы, Ақтөбе облысының тумасы;
Башимов Айдар, 1988 жылғы, Ақтөбе облысы Шалқар ауданының тумасы;
Айта кетейік, бұл бағыттамалар әлеуметтік желілер мен Whatsapp мессенджерінде таралып жатыр.
(Ақтөбедегі терактілерге қатысы бар болуы мүмкін күдіктілердің суреттері)
Дерек көзі: "Қазақстан-Ақтөбе"