Мемлекеттік тілді бір жылда үйренуге сөз берген Ақышев әзірше Ресейдің мемлекеттік тілінде сөйлей бермек...
2016 ж. 01 маусым
3172
16
Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев БАҚ өкілдеріне сұхбат беру кезінде қазақ тілін бір жыл ішінде үйреніп алуға сөз берді деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.
Қазақ тіліндегі БАҚ-тың өкілдері Ұлттық банктің төрағасы Ақышевтен қазақ тілінде қашан сөйлеп үйренетінін сұрады.
"Өте орынды сұрақ. Келесі жылы", - деп жауап берді Данияр Ақышев.
Тілшілердің "тіл үйренуге бір жыл жеткілікті бола ма?" деген сұрағына Ақышев "Иә" деп қысқа қайырды.
Журналистер болса, тура бір жыл өткесін одан қазақ тілінде сұхбат алатынын ескертіп, тарқасты.