Азат Перуашев: Жер туралы пікірталас – бұл көбінесе АӨК басқарудың тиімді үлгісі туралы дау
2016 ж. 27 мамыр
1819
1
Жер туралы пікірталас – бұл көбінесе агроөнеркәсіп кешенін (АӨК) басқарудың тиімді нарықтық үлгісі туралы дау – деп есептейді «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев. Ол бұл туралы кеше, Демократиялық күштердің коалициясы отырысында айтты.
Сонымен қатар, А.Перуашев ауыл шаруашылығының қаржылық тұрақтылығы және АӨК-інің тиімді менеджменті мәселелесі шешілмейінше, жеке меншікке жер сатуға асықпауға шақырды.
«Пікірсайыс, қоғамда және аграршылардың арасында асырауда болушылық, қамқоршылдық ойлау бар екенін көрсетеді. Ауыл шаруашылығы әрқашан залалды болады, сондықтан да мемлекет оны тұрақты қаржыландыруға міндетті» - деп мәлімделеді.
Партия жетекшісінің пікірі бойынша, «Бұндай тәсілдеме нарықтық ұстанымдарына түбірімен қайшылық етеді. Егер осы пайыммен қорытынды жасайтын болсақ, жерді жеке меншікке үзілді-кесілді беруге болмайды, себебі залалды шаруашылық жерді кредиттерді қамтамасыз етуге қояды,сосын көп ұзамай барлық жер банктердің жеке меншігіне кетеді.»
Ал,бұл шаруашылықтар қайтадан сол жерді жалға алады,бірақ енді банктің есептеген бағасымен. Сосын олар түбегейлі кедейленеді.
Бізде табысты кәсіпорындар көп пе, егер тіпті ірі астық холдингтері дүркін-дүркін банкроттық туралы талаптарға ұшырап жатса.
Сондықтан да біз,жолы болмай жатқандар түгілі ірі, алып ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына да жерді меншікке беруге асықпауға шақырамыз,» - деп атап өтті ол.
Азат Перуашев, жоспарланған мәжбүрлі түрде жерді таратудың орнына, олар, 5-7 жылдың ішінде нарықтың жағдайларында өзінің тиімділігін көрсеткен болса жерге жеке меншік міндет емес, ол ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына марапат болуы тиіс екендігіне сенімді.
«Тиімділікті қамтамасыз етпейтін басқарушыларды көтермелемеу үшін және олардың қарыздарын жабуға жерді қойып, тәуекелдіктерге бармау үшін тек осындай ауыларуашылығы кәспорындарын жерге меншікпен ынталандыру керек» - деп есептейді «Ақжолда».
qazaquni.kz