НАЗЫМНЫҢ орнына өткізген РИММА ВОЛОСЕНКО ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ
2016 ж. 22 мамыр
4564
6
Елордадағы бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионатына Назым Ищанованың орнына өткізіп жіберген Римма Волосенко бірінші айналымда-ақ жеңіліп қалды...
Суретте: ұтылған Римма Волосенко мен қызыл жейдедегі Назым Ищанова
Сайтымыз белгісіз себептерге байланысты жабылып тұрғандықтан, соңғы ақпараттарды "Фейсбук" арқылы жазуға тура келіп тұр. Бейресми дереккөздерінің хабарлауынша, қазір Елордадағы бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионатына Назым Ищанованың орнына өткізіп жіберген Римма Волосенко бірінші айналымда қарсыласына есе жіберген. Осыдан сәл ілгеріде Бокстан Қазақстанның әйелдер арасындағы 2 дүркін чемпионы, Әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері Назым Ищанованың жолын ҚБФ кесіп, сыбайлас-жемқорлық арқылы қазір Елордада өтіп жатқан бокстан ӘЧ-ға астаналық боксшы Римма Волосенконы өткізіп жібергендігі туралы "Abai.kz" порталында жазған едік. Назым Ищанованың әкесі және жеке бапкері Бейбіт Ищанов ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамадиұлы мен ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтың атына Ашық хат жолдаған. Астанадағы ақпарат көздерінің хабарлауынша, БАҚ-қа, сұхбат беріп, бокстағы былық-шылық жайлы айтып бергені үшін Қазақстанның бокс федерациясы Назым Ищанованы федерация тарапынан көрсетілетін барлық жеңілдіктен айырған. Нұргелді Әбдіғани