Республика алаңын жауып тастады
2016 ж. 20 мамыр
3912
1
Алматыда Республика алаңындағы "Алтын адам" мүсінінен бастап, Абай даңғылына дейінгі аймақты жауып тастады деп хабарлайды NUR.KZ порталы куәгерлерге сілтеме жасап.
Сол маңда жүрген жасырын дереккөздің айтуынша, алаңда полицейлер мен саперлер жұмыс істеуде.
"Канализациялық люктен керосин толы болуы мүмкін шөлмектер, арматуралар мен сіріңкелер алып шықты. Сапер екі пакетті шығарды", - дейді куәгер.
Кеңселерде отырған қызметкерлерге сыртқа шығуға тыйым салынып, ал сыртта жүргендерді ішке кіруін талап етуде. Ол жерде түсірілім жасауға тыйым салынды. NUR.KZ порталына Алматының ІІД-і түсініктеме беруден бас тартты.
Біздің тілшінің хабарлауынша, оқиға орнына арнайы қызмет жасақтары ағылып жатыр. Ал полицейлердің бірі ресми ақапаратты кейінірек беретінін алға тартты.
Екі өрт сөндіруші көлік, арнайы жасақ көліктері мен ит жетектеген кинологтар да жүр.