Сарапшылар жақын уақытта теңге бағамында тағы да өзгеріс болуы мүмкін дейді
2016 ж. 19 мамыр
1996
0
Мұнайдың бағасы өсті. Бренд маркасының құны әлемде мұнай өндіру азайғандықтан, барреліне 50 долларға жеткен. Ал осы мұнай бағасына тікелей байланып отырған теңгенің тағдыры да өзгеріске ұшырамақ.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Мамандар шетел валютасының теңгеге шаққандағы құны едәуір төмендеуі мүмкін дейді.
Мың құбылған мұнай бағасы бұл жолы тағы өзгерді. Тіпті 2015 жылдың қарашасынан тіркелмеген межені көрсетті, яғни Брентттің бір баррелі 50 долларға дейін жеткен. Батыстың сарапшылары 2016 жылы бұл көрсеткіш 16 долларды құрайды деп болжағандары бар еді. Алайда, сценарий мүлдем басқа болып шықты.
Тіпті шетелдіктердің жорамалдары қисынға келмейді дейді мамандар. Елдегі экономистердің пайымынша шикізаттың қазіргі құны алдағы уақытта тұрақты болады.
"Міндетті түрде тұрақты болу керек. Оған тек бір ғана жағдай әсер етпеуі мүмкін. Ол - доллардың төмендеуі. 3 жылдың көлемінде мұнайдың бағасы орта есеппен 60 доллардың төңірегінде , не болмаса 60 доллардан асуы керек", - дейді экономист Мақсат Серәлі.
Бұл ретте төл теңге күшейе түспек. Сәйкесінше, көк қағаздың теңгеге шаққандағы құны өзгереді деген сөз. Сарапшылар мұнай бағасы 50-60 доллардың төңірегінде болса, курстың қандай болатынын өзінше болжайды. Теңгеміздің курсы 280 мен 300 теңгенің арасына барып қалуы ғажап емес.
Мұның ұтымды тұсы көп дейді мамандар. Шетелден келетін тауарлар құны едәуір арзандамақ. Жалпы импортты тауарлар жалпақ жұртқа қолжетімді бола түседі. Бірақ Ұлттық банк теңгенің күшеюіне тосқауыл қойып, интервенциялар жүргізуі мүмкін.
"Негізінде интервенция еркін айналымда болмауы керек. Ал интервенция араласу, бұл дегеніміз белгілі дәрежеде бекітілген курсқа алғашқы курсқа қайта оралу. Сценариін көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда ақшаны желге шашу", - дейді Мақсат Халық.
Дерек көзі: 31 арна