Атырау облысының әкімі митингіге қатысушыларға Жер кодексінің нормаларын түсіндірді
2016 ж. 25 сәуір
3196
0
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қала алаңдарының бірінде өткен рұқсат етілмеген митингіге қатысушыларға Жер кодексінің нормаларын түсіндірді.
«Атырау қаласындағы Исатай және Махамбет атындағы орталық алаңға Жер кодексінің нормаларымен келіспейтінін білдірген адамдар жиналды. Ресми мәліметтер бойынша, алаңға 650-700 адам жиналды. Жиналғандармен өңір басшысы Нұрлан Ноғаев кездесті. Ол митингіге қатысушыларға Жер кодексінің нормаларын түсіндірді, сондай-ақ өздерінің ұсыныстарын жазбаша түрде берулерін ұсынды. Өңір басшысы жиналғандарды тұрғындардың жазбаша түрдегі өтініштері қаралатынына сендірді. Қажет болған жағдайда қолданыстағы заңнама ауқымында тиісті шаралар қабылданатын болады, соның ішінде жоғары тұрған органдардың қаперіне жеткізіледі. Н.Ноғаев адамдарды белсенділер қуғынға ұшырамайтынына сендірді. Бұдан кейін жиналғандардың барлығы да тарқап кетті», - деп хабарлады Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.