Депутаттардың қонақ үйінен артылған 43 миллион теңгенің қайда кеткені белгісіз
2016 ж. 23 сәуір
2314
0
Депутаттардың қонақ үйінен артылған 40 миллион теңгенің қазынаға қайтарылған-қайтарылмағаны бір апта өтсе де, белгісіз. Тіпті бюджеттің жұмсалуын бақылайтын бас органның өзі ақшаның қайда екенін білмейтін болып шықты.
ФОТО: PORJATI.RU
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Есеп комитеті әдетте "Президентке тікелей бағынып, есеп беретін біз" деп жиі бас көтеретін. Бірақ бүгін комитет төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин мәжілісмендердің элит класты қонақүйдегі күндері үшін мемлекет шығындалған 40 миллионның қайтқан-қайтпағанын білмейтін болып шықты.
"Я говорю, я такие вещи комментировать не могу потому что мне подробности не известны", - деді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин.
30 депутат 15 күнде ел бюджетінің 8 миллионын жұмсап, «Пекин паласта» жатып қайтқанын білесіздер. Бірақ әуел баста бұл «жайлылық» үшін мемлекет 8 миллион емес, 51 миллион теңге берген. Мұны БАҚ жарыса жазған бетте, парламент шаруашылығы 43 миллионды қайтаратынын айтып ақталған. Алайда шығын есебінсіз қаржының қазынадан бөлініп кеткенінен құзіретті органдар еш әбестік көрмейді.
"Мы как уполномоченный орган не видим ничего противозаконного", - деді төраға.
Жаңадан құрылған мемлекеттік қызмет істер министрлігі парламенттің «сатып-алуынан» «шикілік» көрмегенімен, өзге шенеуніктер арасында тендерден жегендер жетеді деп отыр.
Ал жалпы жыл басынан бері 3,6 миллиард теңгені жеді деген шенеуніктерге үкім шыққан. Мыңнан астам қылмыстық іс бойынша бюджет көрген шығынның жартысы ғана қайтарылыпты. Ал Қазақстан жемқор елдер арасында 123 орынды алып тұр.
Дереккөз: 31 канал