Елімізде "өлім капсуласы" сатылады
2016 ж. 15 сәуір
2265
2
Елімізде әлемдегі ең арзан көлік ағымдағы жылдың мамырында сатылымға шығатын болды деп хабарлайды informvest.net сайты.
Әлемдік көлік нарығының сарапшылары үнділік Bajaj компаниясына тиесілі шағын Qute көлігінің құны Астанада 500 мың доллар болады деп болжап отыр.
Өзінің керемет қолжетімді болуымен аты шыққан бұл көлікті бастапқыда тек Астанадан сатып алу мүмкін болады. Егер сұраныс жоғарыласа, онда көліктер Өскемен, Шымкент, Қостанай және Ақтөбе қалаларында да сатылымға шығарылады.
Ал Үндістанның өзінде Qute көлігі бар-жоғы 2000 доллар тұрады екен. Дегенмен, көлік мамандары бұл марканың елімізде сіңісе қоюына күмәнмен қарайды. Олардың ойынша, аталмыш көлік еліміздің техникалық талаптарына сай келмейді.
Euro NCAP тестінің нәтижесі бойынша бұл модель «өлім капсуласы» деген атқа ие болған. Себебі, көлікпен сағатына 70 шақырым жылдамдықта апатқа түссе, жүргізушінің аман қалуы екіталай.
Көліктің арзандығынан бөлек, тағы бір тиімді тұсы - аз бензин қажет ететіндігі (100 шақырым жерге 2,8 литр бензин).