А.Соловьева Г.Қарақұсоваға қатысты: Депутаттың мұндай сөздері, меніңше, дұрыс емес
2016 ж. 08 сәуір
2930
1
V шақырылымдағы Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева өзінің бұрынғы әріптесі VI шақырымдағы Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарақұсованың сұхбатына қатысты пікірінде парламенттегілердің ерекше жағдайда болуына қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Шынымды айтсам, мен де аңтарылып қалдым. Ол комитеттің төрағасы және ол маңызды бір таныстырылымнан немесе жұмыс тобынан шыққан шығар, сондықтан ойын солай жеткізген шығар. Негізінде ол ашық әрі өте ақкөңіл адам", - деді Соловьева Астанадағы жиынның үзілісінде тілшілерге.
Экс-депутат Соловьева Гүлжан Қарақұсованың тілшілерге берген сұхбатының алдында коллекторлық қызмет туралы заң жобасын қорғаған болуы мүмкін екендігін айтты.
Тілшілердің бірі Соловьеваның назарына Қарақұсованың көп талқыланып жатқан сөздерін салды. Нақтырақ айтқанда, Қарақұсова депутаттарды бір ғана жатын орын жалдап тұрмайтын әрі мемлекеттік құпияны сақтаушы деп атаған еді.
"Бұл сөздер адамдарға қатысты дұрыс еместеу болды. Әрбір адам жұмыс істейді, шахтер де, қалғандары да. Сондықтан депутаттың мұндай сөздері, меніңше, дұрыс еместеу", - деп атап өтті экс-депутат.
Қарақұсованың видеосұхбатының үзіндісін БАҚ өкілдерінің арасында Facebook желісіндегі өз парақшасына Иван Тулинов жүктеді. Видеода депутат әріптестерін жақтап, олардың уақытша жалдап тұратын орны ретінде неліктен Астанадағы "Бейжің сарайы" болғанын түсіндірмек болған.
"Адамдардың өңірлерден келгені түсінікті, жұмысқа бару үшін оларға мекендейтін орын керек. Оның үстіне пәтерлер дайын және келесі аптада олар сол пәтерлерге көшеді. Меніңше, Парламенттің шаруашылық басқармасы адамдарды құлағдар етуі керек және мұндай әлеуметтік шиеленіс туғызбауы керек", - деді Соловьева.
Парламентарилердің тұрғылықты жеріне байланысты Соловьева тәулігіне 29 мың теңгеге бөлме жалдап тұруды қалыпты жағдай деп есептейді. Мұнымен қатар, ол депутаттар белгілі бір басымдықтарға ие болуға лайықты деп есептейді.
"Заңнама қызметі, қалай айтсақ та, депутаттарға қалай ұрыссақ та, ол шын мәнінде қиын, себебі бір норманы түсіндіру қиын, ал әрбір заңда бір ғана норма болмайды, бірнеше норма болады, оған негізін және дәлелдерін табуың керек, бұл норманы қорғап шығуың керек болады, себебі әріптестеріңнің позициясы мүлдем басқа болады, бұған төтеп бере алу керек, дебаттарға дайындалып, көптеген материалмен танысу керек", - деді экс-депутат.
Оның айтуынша, еуропалық парламенттегі депутаттардың жалақысы еліміздегі депутаттардың жалақысынан айтарлықтай жоғары екен.
"Сондықтан, меніңше, мұның барлығы біздегі өмір деңгейіне сәйкес. Себебі біздің елімізден басқа жақтың барлығында депутат болғандардың зейнетақысы 70 пайыздан 90 пайызға дейін жалақы ретінде сақталады. Мұның барлығы не үшін жасалады? Себебі ол бостандықта болуы керек, себебі ол біздің адамдарымыздың мүддесі мен қажеттіліктерін көрсету керек. Біздің елімізде зейнетке шыққаннан кейін мұндай жағдайдың жасалмауы нюанс. Ол бар уақытын әділ жұмысқа жұмсаса және оның еш жинақтаған қаражаты болмаса, ол бұл жұмыстан кете алмайды. Сондықтан депутаттар, меніңше, осы жалақыны ұстап қалуға тырысады, басқаша болмайды", - деді ол.
"Депутат кедей болуы керек деген ой дұрыс емес, себебі ол үлкен жұмысты істейді. Ал оның халыққа жақын болуы, оларды парламентте қорғауы басқа мәселе", - деді Айгүл Соловьева.
Ол зейнетке шығып, 69 мың теңге зейнетақы алатын бұрынғы әріптестерін мысалға келтірді.
"Депутат зейнетке шыққанда проблема басталады, ол сол кезде 70 мыңға қалай өмір сүрсем екен деп ойлайды", - деді Соловьева.
Оның айтуынша, депутаттардың жалақысын төмендетуді сұрағанша, депутаттардың халыққа жақын болуын талап ету дұрыс.
Еске салайық, БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде жаңа сайланған депутаттардың "Бейжің сарайы" қонақүйінде тұрып жатқаны кеңінен талқыланған болатын. . Қазіргі уақытта депутаттар қызметтік үйлерге көшіп жатыр.
Дерек көзі: tengrinews.kz