Мәжілістен жік шықты. Бүгін жаңа таныстырылған заң жобасын талқылаған депутаттар бір-біріне дауыс көтеріп, қызыл кеңірдек болды, деп хабарлайды 31 арна. Тіпті қызды-қыздымен ең болмаса бір рет үкімет ұсынған құжатты қабылдамай тастайық деген бастама көтерілді. Әдетте бас шұлғи беретін мәжілісмендердің ызасын тудырған заң жобасы мен парламенттегі даудың мән-жайын тілші тарқатады.
Мұхтар ТІНІКЕЕВ: Мы узакониваем рэкет (видео)
2016 ж. 07 сәуір
3490
1
Жаңа заң жобасының тұсауын кесуге арналған жиын көңілді басталған болатын. Ұлттық банк төрағасының орынбасары таныстырмақ болған құжат та халық үшін маңызды еді. «Колллекторлық қызмет туралы» жаңа заң жобасы банктердің емес, борышкерлердің құқын қорғауға бағытталған екен. Алайда депутаттар мұны керісінше түсінеміз деді.
НҰРТАЙ САБИЛЬЯНОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
— Коллекторлық агенттер кепілдікке қойылған бүкіл мүлікті соттың шешімінсіз алып кетуге құқылы емес пе? Осыны қалай осы жерге жазып қойғансыздар?
АЛПЫСБАЙ АХМЕТОВ, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:
— Борышкердің келісімінсіз ештеңе сатылмайды, Нұреке. Егер де коллектор заңсыз іс-қимыл істеп жатса, борышкер ұлттық банкке арыз жаза алады. Мынау менің жерімді менің рұқсатымсыз сатып жатыр деген сияқты.
Ұлттық банк төрағасы орынбасарының бұл айтқаны депутаттарды тыныштандыра қоймады. Мәжілісте ұзақ отырған Мұхтар Тінікеев бұл заңды — халықты тонау үшін жасалған деп ашынып кетті.
МҰХТАР ТІНІКЕЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
— Мы узакониваем рэкет. Сейчас вы хотите благодоря депутатам принять этот, я считаю антинародный закон. Давайте будем иметь мужества и хоть один законопроект отклоним, который предложен правительством?
— Мухтар Бакирович, какой пример для новых депутатов показываете.
Осы жерде депутаттардың өзі ішінен банкирлерді қорғайтындар шығып, әріптестерінің ашуына ілікті.
— Сначала уберите банка с этих магазинов где они загружают людей этими кредитами. Человек заходит в магазин, телефон хочеть покупать, там сидят эти банкиры. На мы кредит дадим. А че он меня комментирует?
— Аманжан Макаримович, почему комментируете?
Мәжілісмендер мұнымен тоқтала қоймады. Өзара даулары жалғаса берді.
БАҚЫТНҰР ӘЛІБАЙ, Тілші:
— Одан кейінгі сауалдардың жауабына сүйенсек, бүгінгі таңда Қазақстанда 205 коллекторлық ұйым бар екен. Тіркелмегендері қаншама. Әлеуметтік шиеленістерді күшейтіп отырған мәселені осылай шешеміз деген үкіметтің бастамасын депутаттар мақұлдай ма, әлде әріптестерінің ұсынысын құптай ма? Ол жағын мәжілістің жалпы отырысы көрсететін болады.