Білім саласындағы реформа - оқушыларды зертхана тышқандарына айналдыру
2016 ж. 06 сәуір
2173
0
Бізде мектеп оқушылары оқушы емес, зертхананың тышқандарына айналды.
Білімнің басына кезекті бір министр келген сайын кезекті бір эксперимент қолға алынып жатады. Әркім әлгі экеспериментін өзінше әспеттеп "реформа" деп атайды. Ол реформалардың басы бар да аяғы жоқ. Жас ұрпақты қорлап біттік түге. Обал болды оларға!
Тегінде, реформа атаулының тұрақтағаны, барақат тапқаны дұрыс қой. Жоқ, бізде бар нәрсе мектеп пен мұғалімге тіреліп тұрғандай бас қатыратын дүмше тірліктің бәрін сорын қайнатып тұрып солардан (мектеп пен мұғалімнен) бастаймыз. Кенжеғалиевтің экспериментіне қазақ зиялылары қарсылық танытып, Abai.kz-де Елбасының атына арнап Ашық хат жариялап еді, сол Ашық хатты орыстілді сайттар да аударып бере бастапты. Қазақ тілін қылтасынан ертерек қиып жіберуге ұмтылған әрекетке, шамасы, біздің орыстілді әріптестеріміз де жанашырлықпен қарай бастаса керек.
Елбасы атына жазылған АШЫҚ ХАТ мынау.
Дәурен Қуаттың фейзбук парақшасынан
qazaquni.kz