"100 нақты қадам" жергілікті шенеуніктердің жеке мақсатына қатысты өзгеріске түспеуі керек! - Президент
2016 ж. 25 наурыз
2408
1
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының біріккен жиынында сөз сөйлей отырып, шенеуніктерге ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол үш жыл бұрын қабылданған мемлекеттік салмақталған шешімдерсіз және жаңа заңдарсыз, стратегиялық бағдарламаларсыз жағдайдың күрделі болуы мүмкін екендігін айтты. Назарбаев жаңа реформалардың арқасында командалық орын ауыстырулар тоқтатылды. Мәселен, 2015 жылдың 3 айында 1722 шенеунік ауыстырылды, ал биыл - 90 адам.
Мемлекет басшысы бес институционалдық реформа жайлы айта келе жергілікті полиция қызметінің ашылғанын еске салды.
"Мен қазір баяндап тұрған бес институционалдық реформа бойынша. Жасалған шаруалар жайлы әр комиссияда біліп отырамын. Шенеуніктердің "100 қадамнан" кейбір мәселелерді тоқтатқысы келетін ниетін байқап отырмын, ештеңе өзгертілмеуі керек, жергілікті шенеуніктердің кейбірінің жеке мақсатына қатысты өзгеріске түспеуі керек. Жауапты тұлғаларды тағы да ескертемін", - деп атап өтті Назарбаев сайланған депутаттарға.
24 наурызда Орталық сайлау комиссиясы Мәжілістің VI шақырылымдағы жаңа құрамын бекіткен болатын. Осыған дейін "Нұр Отан" партиясының атынан 84 мәжілісменнің аты-жөндері аталған еді. Сонымен қатар, Қазақстан коммунистік партиясынан жеті адам және "Ақ жол" партиясынан жеті адам бекітілген болатын. 21 наурызда ҚХА-дан тоғыз депутат таңдалған еді.
Дерек көзі: tengrinews.kz