Н.Назарбаев: Ең сенімді валюта - адам еңбегі
2016 ж. 18 наурыз
3831
8
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қандай валютаны сенімді деп есептейтінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы Павлодар облысындағы жұмысшыл ұжымдарының форумында сөз сөйледі. Форумға өңірдегі кәсіпорындардың 4000 өкілі қатысты.
"Нақты білетінім, бар өмір адамның еңбегінен тұрады және тек еңбектің арқасында қозғалады. Мен, әрине, бүгін жастарды оқуға, оқу мекемесін аяқтауға, оның ішінде жоғары оқу орындарын бітіруге бағыттап отырмын. (...) Барлық салада, экономиканың барлық саласында жұмыс істей отырып, атақты болуға мүмкіндік бар, тек әр істе мінсіздікке ұмтылу керек, өз ісінің маманы болуға тырысу керек. Өзіңді осылай қамтамасыз етіп, даңқты бола аласыздар. Ең сенімді валюта - адамның еңбегі, мұны есте сақтау керек", - деді Президент.
"Жұмыс мамандығы жайлы, оның басқа салалармен қандай байланысы бар екенін жақсы білемін, сондықтан еңбектің маңызын есепке ала отырып, біз Қазақстанның Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын жария еттік", - деді Назарбаев.
Дерек көзі: tengrinews.kz