Келімбетовтің көрегендігі
2016 ж. 03 наурыз
2503
1
Бір кезде Ұлттық банкті басқарып, теңгенің тұрақсыздығына жол берген Қайрат Келімбетов CFO Idea Exchange & Networking Event саммиті кезінде Қазақстанды қандай экономикалық болашақтың күтіп тұрғаны жөнінде өз ойын жеткізді. Тіпті экс-басшы теңгенің теңселуі мен доллардың дүркіреуі болашақта жақсы нәтиже береді деген көрегендігін де жасырмады.
"Қазақстанда болашаққа нық сеніммен қарауға мүмкіндік беретін макроэкономикалық факторлар бар. Мысалы, Ұлттық банктің құрылуы, теңгені еркін айналымға жіберу - осының барлығы болашақта жақсы нәтиже береді. Біздің валюта қорымыз жеткілікті және басқа елдерге қарағанда құтқарылатын мүмкіндігіміз бар, - деді Келімбетов. - Менің ойымша, Қазақстанның болашағы зор, мүмкіндіктері де жоғары. Мемлекет бір орында тұрмайды. Басқа елдерге қарағанда артықшылығымыз бар ма? Меніңше, бар", - деді ол.
qazaquni.kz