Шерстенев пен Тихоненко күдікті Аян Мейірбаевтың оққағары болып қызмет еткен...
2016 ж. 15 ақпан
3665
0
Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты күдіктілердің бірі Виталий Шерстеневтің Ерасыл із-түссіз жоғалғанға дейін бір күн бұрын "үйде жеке массаж" қызметін ұсынғаны анықталды деп хабарлайды NUR.KZ порталы YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
ФОТО: ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН
Ол массаж қызметімен қоса, оққағар қызметін де ұсынған.
Виталий Шерстенев - 28 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Астанаға жұмыс іздеп келген азамат бұған дейін жүргізуші қызметін атқарып келген. Сот оның бүгінде жұмыссыз екенін анықтаған.
2 ақпан күні Ерасыл жоғалғанға дейін бір күн бұрын Шерстеневтің атынан olx.kz-те оғаш хабарлама жарияланған. Онда жігіт оққағар, жүргізуші әрі үйде жеке массаж жасаушы болуға әзір екенін жазған.
«Жаттығулардан кейін бірден қалыпқа келу үшін спорттық RELAXX массажын жасаймын, жеке үйлерге шақыртулар бойынша қызмет етемін», - деп жазылған хабарламаға азаматтың шыныққан денесі түсірілген фотосы да жүктелген.
Дереккөз: Nur.kz