Ерасылдың өліміне қатысы бар деген күдікпен тағы үш адам ұсталды
2016 ж. 15 ақпан
2941
0
Астана соты Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты үш күдіктіні қамауға алу бұлтарпау шарасын қолданды деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Астана қаласы Алматы ауданы №2 сотымен А. Тихоненко, В. Шерстенев, Н. Әжімбаев есімді күдіктілер Қылмыстық кодекстің 99 бабы (алдын ала келісілген топпен адам өлтіру) бойынша қылмыстық құқықбұзушылық үшін екі айға қамауға алынды делінген сот хабарламасында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай Өскеменде Ерасыл Әубәкіровтің жерлеуі болып өтті.
Еске салсақ, әлеуметтік желілерде 3 ақпан күні 23 жастағы медициналық университеттің 6-шы курс студенті Ерасыл Әубәкіровтің іздестіріліп жатқаны туралы хабарлама тараған болатын. Жас жігіт үйінен "тірлігім бар" деп шығып кетіп, қайта оралмаған. Ерасыл көп ұзамай өлі күйінде табылды.
Туыстары оның мәйітін табуға Әзірбайжан экстрасенсі Кямран Самедов көмектескенін мәлімдеді.
Ал студентті өлтіргендердің бірі танымал бизнесменнің ұлы болып шықты.
Дереккөз: Nur.kz