Жарығы қиылған әкімнің әйелінің мұздатқышына “обал” болыпты...
2016 ж. 05 ақпан
2505
3
Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша Мұғалжар ауданы әкімінің үйіндегі электр жарығы қиылды. Бұл жайында аудан әкімі Серік Шаңғұтовтың өзі айтты деп хабарлайды Астана арнасы.
"Мен өзім білмеймін. Кеше жиналысқа кетіп қалдым. Әйеліммен тұрамын. Балаларым жан-жақта. Шетелде жүр. Бәрі звондайды. «Папа не болды? Үй сөніп жатыр ма?» - Ия, сөніп жатыр. Не істеймін енді? Әйелімнің морозильнигі құрып жатыр", - дейді Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі Серік Шаңғұтов.
Еске сала кетсек, Бердібек Сапарбаев 800-ге жуық тұрғаны бар Қайыңды ауылына 10 жылдан бері жарық тартпаған аудан əкімі мен орынбасарының үйінен жарықты қиюды тапсырған еді. Оған Қайыңды ауылы тұрғындарының арызы себеп болыпты. Олар елді мекенде электр жарығының жиі өшетініне шағымданған.
Ал бірер күн өтер-өтпестен Сапарбаевтың бұйрығынан кейін Мұғалжар ауданының әкімі үйінде расымен де жарықсыз отырғаны белгілі болды.
Дереккөз: Астана телеарнасы