"Ақ жол" партиясы депутаттыққа үміткерлер қатарына танымал ақынды қосты

kazybek-1 - копия Бүгін «Ақ жол» партиясының съезі өтіп, алдағы Мәжіліс сайлауына ұсынылатын үміткерлердің тізімі бекітілді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Партия президимуы әзірлеп, съезд делегаттары мақұлдаған тізімге 35 үміткер кірді. Олардың ішінде бесінші шақырылымдағы Мәжілісте «Ақ жол» фракциясының құрамында болған барлық депутаттар бар.

Депутаттықтан үміткерлердің тізіміне сондай-ақ, ақын, партия төрағасының орынбасары, «Қазақ үні» газетінің президенті Қазыбек Иса да енген.

Дереккөз: Nur.kz