Алматы 1000 жылдығына арналған логотипке конкурс жарияланды
2016 ж. 31 қаңтар
8816
3
Алматы қаласы Мәдениет басқармасы «Алматы қаласының 1000 жылдығына» арналған логотиптің ең үздік эскизіне ашық конкурс жариялайды.
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, конкурста «Алматы қаласының 1000 жылдығы» үздік концептуалды жобасын анықтау, ол мегаполис дәстүрінің және логотипінің ұқсас үлгісін көрсетуі тиіс, онда тарихи-мәдени жәдігерлеріміз, табиғи және қала құрылысындағы ерекшеліктер, заманауи даму тенденциялары, қаламыздың ерекшелігін жасауға және «Алматы қаласының 1000 жылдығы» әсер етерліктей танымал инвент брендін жасау ескерілуге тиіс.
Конкурсқа қатысуға өнер шеберханалары, жарнамалық агенттіктер мен фирмалар, суретшілер, дизайнерлер, архитекторлар, жобалау ұйымдары, жақын мамандық иелері, сонымен қатар, өнерге қатысы бар ЖОО-ның студенттері және кәсіби оқу орындарының оқушылары мен басқалар қатыса алады (ары қарай - қатысушылар). Конкурсқа қатысушы жалғыз адам (автор), сондай-ақ шығармашылық авторлық ұжым да бола алады. Конкурсқа қатысушылардың жұмыстар санына шектеу жоқ.
Конкурстық жұмыстар 2016 жылдың 22 қаңтарынан 22 ақпанына дейінгі мерзімде қабылданады. Конкурс ережесіне сай жүлде қоры - 1 миллион теңге.
Айта кетейік, ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-ші сессиясының шешімімен, Алматы қаласының 1000 жылдығын мерекелеу ресми түрде ЮНЕСКО-ның 2016 жылдың мерейтойлық және атаулы даталар күнтізбесіне енгізілген болатын.
Дерек көзі: ҚазАқпарат