Доллар 390 теңгеге жетті
2016 ж. 22 қаңтар
2323
3
Кurs.kz және valuta.kz сайттарындағы мәліметтерге сүйенсек Астананың айырбас нүктелерінде доллар 390 теңгеге жетті. Ал Алматы қаласында 389 және 387 теңгеден сатылуда.
Банктердегі жағдайға келсек: «Қазкоммерцбанк» долларды 388,5 теңгеден сатып, 386,5 теңгеден сатып алуда. “Халық банкінде” доллар курсы 388,97 және 386,99 теңге аралығында.
Қазақстан қор биржасындағы таңертеңгі саудада теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 383,23 теңге болды.
qazaquni.kz