атқарушы директоры етіп тағайындады. Вице-министр Ғалым Ахмедьяровтың айтуынша, министрлік Бажинды киностудияны жетілдіріп, халықаралық тәжірибеден тәлім алу үшін шақырған. Сондай-ақ, ол Бажин арқылы «Қазақфильмді» халықаралық деңгейге көтеріп, фильмдері халықаралық прокатқа шығаруды мақсат етіп отырғанын айтты.
Осы ретте, Мәдениет және спорт министрлігі қызығып, киностудияның басшылығына шақыратындай Владимир Бажин кім? Мәліметтерге сүйенсек, ол Ресей кинематографистер одағының және Петербор кинематографистер одағының басқарма мүшесі. Сонымен қатар, Владимир Бажин «На краю», «Русские», «Мәскеу-Берлин», «После Византии» сынды фильмдерге продюсер болған. Байқағандай, Владимир Бажин орыстың рухын көтеретін фильмдерді шығаруға ықпал еткен көрінеді. Демек, оның қазақ тарихына селқос қарап, тіпті қарсы болуы әбден мүмкін ғой?! Өйткені, қазақ пен орыстың тарихы бір-бірімен қарама-қайшы екенін екінің бірі біледі.
– Қазіргі таңда «Қазақфильм» шығарған кинолардан сапасынан нашар фильмдер халықаралық деңгейде көрсетіліп жүр. Халықаралық нарыққа шығу үшін бізге киноның сапасынан бұрын маркетинг мәселесіне көп көңіл бөлген жөн. Нақтырақ айтсам, өзің шығарған өнімді жақсы жарнамалап, сата білу керек. Нашар түсірілген киноға жақсы жарнама жасасаң, одан қомақты табыс түсіруге болады. Өйткені, қазір жарнама киноның сапасынан да маңызды болып кетті. Осы тұрғыдан алғанда, бізге білікті мамандарды тарту қажет те шығар. Алайда, өз басым «Қазақфильмнің» саясатын жүргізуді шет елден келген маманға бере салуға үзілді-кесілді қарсымын, – дейді Әсия Бағдәулетқызы.
Иә, расында «Қазақфильмнің» тізгінін шет елдік маманның қолына бере салу құптарлық дүние емес. Алайда, бұл мәселе бақыттан басы айналып жүрген Арыстанбек Мұхамедиұлын ойлантар емес. Сондай-ақ, Үкімет «Қазақфильм» киностудиясын сату арқылы Шәкен Аймановтың әруағын сыйламайтынын аңғартып алды.
С.АСЛАНБЕК
sn.kz
