Палата тараса Мәжіліс депутаттарына қанша ақша төленеді?!.
2016 ж. 14 қаңтар
2647
5
Төменгі палата тараған жадайда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына жалақының үш айдан аспайтын мөлшерінде жәрдемақы төленіп отырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, "Парламенттің депутатына оның өкілеттік мерзімі аяқталған соң, сондай-ақ ол отставкаға кеткен немесе Парламент немесе Парламент Мәжілісі таратылған жағдайда және ол жұмысқа орналасқан немесе зейнеткерлік жасқа жеткен кезге дейiн ай сайын орташа айлық жалақысы мөлшерiнде, бiрақ өкілеттігі тоқтатылған немесе отставкаға кету туралы өтініш қанағаттандырылған күннен бастап үш айдан аспайтын уақыт жәрдемақы төленедi".
Депутаттар тілшіге жалақыларының шамамен 500 мың екенін айтып берді. "(...) Бүгінде ол 500 мың теңгедей болады. Үкіметтің басқа мүшелерімен салыстырсақ, ұлттық компаниялардағылардың жалақысымен салыстырғанда бұл көп емес. Бірақ меніңше, шүкір деу керек, біз жұмыс істеп жатырмыз", - деді депутат Нұрлан Жазылбеков.
13 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымындағы депутаттарыпалатаны мерзімінен бұрын таратуды Қазақстан Президентінен сұрады және кезектен тыс сайлау өткізу туралы бастама көтерді.
Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Мәжіліске мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешімнің әзірше қабылданбағанын айтты.
qazaquni.kz