Қанат Бозымбаев: Барлық басшылардың балалары ҮСЕНОВ емес

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев журналистермен өткізген кездесуінде өзінен 500 мың доллар бопсалау туралы қылмыстық іске қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

[caption id="" align="aligncenter" width="640"] Қанат Бозымбаев. Фото: pavlodarnews.kz[/caption]

- Мен осы уақыт бойы  бұл мәселеден шетте болуға тырыстым, - дейді әкім. - Себебі жергілікті билік басшысы болғандықтан кез келген пікірім тергеуге немесе сотқа қысым жасау ретінде қабылданар еді. Сондықтан бұл тақырыпқа қатысты «иә» немесе «кейін айтамын» дегеннен басқа түсініктеме бермедім. Көбінесе бұл менің беделіме кері әсер етті. Нәтижесінде мен өзім соншалықты жұмбақ, ұлым нашар және оны жақтағандай, ал iстi болғандар адал болып көрінді. Бар айтарым: біріншіден, бұл істе менің зардап шегуші екенімді түсіну керексіздер. Өзімнің облыс әкімі болғаныма қарамастан, бұл тақырыпқа қатысты ешбір лауазымды тұлғаға тапсырма беруге тырыспадым. Зардап шегуші ретінде барлық сұрақтарға, оның ішінде сотталушылардың адвокаттары қойған сұрақтарға сотта қаншалықты жағымсыз болса да жауап бердім. Мен облыс әкімі болсам да жәбірленушімін. Егер де біреулер облыс әкімінің әкімшілік қорға күдікті ретінде санаса, бұл облыста мұндай мүмкін емес екенін түсінуі керек. Себебі осы соттармен облыстың екі әкімі де сотты болған. Енді ойлап көріңіздерші, менің пайдама қарай қандай да бір судья сөзіме құлақ асар ма еді. Сондықтан бар айтарым, мен ешбір әкімшілік ресурсты пайдаланбадым. Оған адвокат тауып алып, бұл мәселені заң шеңберінде шешуге кеңес бердім. Облыстық сотта бірнеше саты бар. Егер де қандай да бір әкімшілік қысым жөнінде күдіктенсе, олар Жоғарғы сотқа жүгіне алады. Ол жақта Бозымбаевты ешкім де тыңдамайды. Мен әлі де 50 мың долларды қайтарып береді деп күтемін.

Сонымен қатар Қанат Бозымбаев журналистердің ұлына қатысты қойған сұрақтарына жауап беріп, оның шынымен де павлодарлық кәсіпорында жұмыс істегенiн растады.

- Басшылардың балалары қымбат көлік мінетін оңбаған және Үсенов тәрізді деген пікір қалыптасып кеткен. Барлық басшылардың балалары дәл сондай емес. Ұлым шынымен де зауыттардың бірінде жұмыс істейді әрі оқу оқиды және мен одан ұялмаймын. Менің өзім де сегізінші сыныптан кейін жұмыскер болғанмын. Әр жаз сайын әкем құрылысқа жіберетін. Сол жақта тас қалаушы мамандығын алдым. Соның нәтижесінде 150 рубль үшін таңертеңнен кешке дейін құрылыстағы жұмыстың не екенін білдім. Ұлым да жастар киетін киімін шешіп, қатқыл жұмыс киімімен еңбек етеді, - деді облыс әкімі.

Бұдан басқа, Қанат Бозымбаев журналистермен кездесуде редакторы бопсалау ісіне қатысы болған «Версия» газетіне қатысты пікірін білдірді. Облыс әкімі бұл басылымның журналистері үшін жеке баспасөз конференциясын өткізбейтінін атап өтті.

- Бұл газетпен тек жазбаша түрде ғана байланыс орната аламын. Себебі оның бас редакторы қылмыстық іске қатысы үшін бірінші сатыдағы сотпен сотталды. Оның тағдыры бұдан кейін қалай шешілетінін білмеймін. Оған сәттілік тілеймін және оның тағдырына араласпаймын. Осында отырғандарға және қатыспағандарға айтарым: жеке басым мен отбасыма қатысты қандай да бір қорлауға жол бермеймін, әкім ретінде емес, жеке тұлға ретінде жауап беремін. Мен пендемін. Мен үшін отбасым, достарым және ұзақ жылдар бойы мемлекеттік менеджер ретінде мінсіз қол жеткізген беделім қымбат, - деді облыс әкімі.

qazaquni.kz