"Қазақ хандығына 550 жыл" медалі саңлақ сазгердің кеудесіне тағылды
2015 ж. 30 желтоқсан
3288
5
"Қазақ үні" ұлттық порталы осыған дейін қазақтың саңлақ сазгері Тұрсынғазы Рахым туралы бірқатар мақала жазған болатын. Тұрақты оқырмандарымыз ол мақалаларды оқып, мән-жайын жақсы біледі деп сенеміз. Белгілі дәстүрлі әнші Еркін Шүкіманның атақты сазгерге ҚР Үкіметі лайықты марапат көрсетуі керек деген бастамасын бір ауыздан қолдаған "Қазақ үні" порталы сазгердің "Ақ жол" партиясы атынан "Қазақ хандығының 550 жылдығы" медалінің иегері атануына ұйтқы болды.
[caption id="attachment_44128" align="aligncenter" width="960"] Тұрсынғазы Рахым "Қазақ хандығына 550 жыл" медалімен марапатталды[/caption]30 желтоқсан күні қазақ әнінің құлагері Тұрсынғазы Рахымов "Ақ жол" партиясы мен "Қазақстан тарихшылары қауымдастығы" тағайындаған "Қазақ хандығына 550 жыл" медалімен марапатталды. Семей қаласы әкімдігінде өткен салтанатты шарада марапат қала әкімінің орынбасары Н. Шарованың қолымен табысталды. Аталмыш медальдің сазгерге табысталуына күш салған "Ақ жол" ҚДП төрағасының орынбасары, "Қазақ үні" газеті президенті, белгілі ақын Қазыбек Исаға, жезтаңдай әнші Еркін Шүкіманға, партияның Семейдегі өкілі Рахат Алтайға алғыс білдіреміз.
Сонымен қатар Тқрсынғазы Рахым «Қазақ үні» газеті мен «qazaquni.kz» cайтының 2015 жылғы "Жыл адамы - жыл сазгері" атанғанын ( http://www.qazaquni.kz/?p=44037 )хабарлай отырып, жаңа жылда атақты әнші-сазгердің атқа мініп, айығып кетуін тілейміз!
Тақырыпқа сай: "Сазгер, әнші Тұрсынғазы Рахым “Қазақ Хандығының 550 жылдығы” медалінің иегері атанды http://www.qazaquni.kz/?p=43620
qazaquni.kz