Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Қазақстанға $50 мың айыппұл салды
2015 ж. 30 желтоқсан
2996
0
Бұл туралы azerisport.com сайтына сілтеме жасап nur.kz жазады.
Айыппұл көлемі допинг қолданған спортшылар санына қарай көрсетілген. Спортшылары ең көп допинг қолданған – Әзірбайжан құрамасы. Әзірбайжанның алты, Ресейдің төрт, Қазақстан, Молдова және Қытайдың үш спортшысы допинг қабылдағаны үшін жарыстардан уақытша шеттетілді.
Осыларды ескере келе, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Әзірбайжанға 200 000, Ресейге 100 000, қалған үш құрамаға 50 000 доллар көлемінде айыппұл салынды.
Егер аталған құрамалар айппұлды дер кезінде төлемесе, 2016 жылғы Рио Олимпиадасына берілген жолдамаларлар кері қайтарылады.
Еске сала кетейік, жақында қазақстандық ауыр атлеттер — Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртай допинг қолданғаны үшін ұсталған болатын.
qazaquni.kz