Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұртай Әбіқаев Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметінен босатылды.
* * *
Мемлекет басшысының Өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
* * *
Мемлекет басшысының Өкімімен Искандер Қалыбекұлы Бейсембетов Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры қызметіне тағайындалды.
Нұртай Әбіқаев Сенат депутаты болып тағайындалды
2015 ж. 27 желтоқсан
2818
1