СУ КОМИТЕТІНІҢ МАҚСАТЫ - ҮНЕМ МЕН ІС НӘТИЖЕСІ
2015 ж. 24 желтоқсан
3530
6
14 желтоқсан күні Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасы Ислам Әбішев баспасөз мәслихатын өткізді.
Осының алдындағы аптада Есеп комитеті Су комитетінің есебін қарап, біраз шүйліккен болатын. Осы жиында Су ресурстары комитеті төрағасы Ислам Әбішев журналистердің сұрағына байланысты сол 73 миллиард теңгенің бәрі орынымен жұмсалғанын, 1 тиын да шашау шықпағанын нақты дәлелдеп берді. Ал "Су ресуртары комитеті қымбат көліктер" сатып алған" деген КТК телеарнасының тілшілерінің жандарынан соғып жіберген "өсегіне" де нүкте қойылды. Ол "қымбат көлікткердің" бәрі құрылысқа пайдаланатын техникалар болып шықты. Олардың фотолары мен техникалық төлқұжаттары, бағасы экран арқылы көрсетілді. Ол техникалар Су ресурстары комитетнің үнемделген қаржысына және арзан бағаға алынғаны белгілі болды. Біз төменде күні Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Есеп комитетіне жауабы мен атқарылған шаруалар және триллионнан аса қаржы үнеміне байланысты есебін беріп отырмыз.№ р/н | Есеп комитетінің баспасөз—релизінің ақпараты | ҚР АШМ СРК түсініктемесі |
1 | Комитеттің бағынысты ұйымның («Қазсушар» РМК) қызметін беруге байланысты, су шаруашылығы нысагдарын салу және күрделі жөндеу бойынша жұмысты орындау және қабылдауға бақылау жасау Комитетпен мүлде жүзеге асырылмаған. | 2в үлгісіндегі орындалған жұмыстардың актілеріне, тиісті біліктілігі, нысанда қатысу мүмкіндігі және орындарында орындалған құрылыс жұмыстарының сапасы мен көлемін тексеру мүмкіндігі бар «Қазсушар» РМК қызметкерлерімен қол қойылған. СРК қызметкерлері 3 КС анықтамасына қол қойған (яғни, орындалған жұмыстар актілерінің қаржылық бөлігіне). Барлық осы нысандарды Есеп комитеті қаржылық тәртіп бұзушылықтарға жатқызады, және қол қою құқығы бар СРК екі салалық басқармалары басшыларының қолтаңбаларымен жұмыс сапасы мен көлемдерін куәландыруды талап етеді. Комитеттің жұмыстардың орындалған актілеріне қол қою құқығы бар аумақтық бөлімшелері өңірлерде жоқ. Салалық басқарманың екі басшысы іссапарға барған жағдайдың өзінде еліміз бойынша барлық нысандарға бару мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар Бюджетпен көзделмеген ауқымды қаржылық шығындар талап етілер еді. Заңмен орындалған жұмыстардың сапасы мен көлемі бойынша жұмыстарды қабылдау қызметтерін бағынысты ұйымдарға жүктеу тиым салынған, себебі Комитеттің қызметкерлері орындалған жұмыстарды қабылдаудың қаржылық жағына қол қояды. |
2 | Бөлінген бюджеттік қаражат көлемі жеткілікті болғанына қарамастан, мердігердің шарттық міндеттерін уақытыл орындамауына байланысты 6-48 айға созылған 28 инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімдері бұзылған. Орындалмаған жұмыстарға айыппұлды өтеу бойынша шаралар жекелеген жағдайларда қабылданбаған. | 2012 жылға дейін орындалған жұмыс көлемдерін (2в нысаны) «Қазсушар» РМК қызметкерлері орындарда қол қоймаған. Тек қана СРК 2 салалық басқарма басшылары ғана қол қойған. Комитет өзінің бағынысты ұйымдарына жұмыс көлемін қабылдау және бақылау қызметтерін жүктемеген, және олар тартылмаған, қабылдағаннан кейін, пайдаланумен өздері айналысатын болады. Басқарма басшылары бақылауға мүмкіндіктері болмаса да, жұмыс көлемдеріне қол қойған. Оның нәтижесі бюджеттік қаражатты ұрлаудың көптеген фактілерімен, төмен сапада орындалған жұмыстар, сапасыз жабдықтарды жеткізумен бірнеше проблемалық нысандар болып табылады және т.б.. Есеп комитетінің баспасөз-релизіндегі көрсетілген 28-жобалардан 25-жобалар 2009-2011 жылдан бері жалғасуда. Бізге белгілі, су шаруашылығы нысандарын салу және күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды орындауға және қабылдауға бақылауды Комитет жүзеге асырған. 2012 жылдан бастап 2007-2011 жылдардан қалған барлық проблемалық нысандар аяқталған. Тек бес нысан қалған, оларды 2016 жылғы 1 шілдеге дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен бірге, бірде-бір жобаның құны қымбаттамағанын ескеру қажет. |
3. | Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру құрылыс-жөндеу жұмыстарының өндірісіне уәкілетті органның рұқсаты болмағанда жүзеге асырылған. Авторлық сүйемелдеу және техникалық қадағалаусыз құрылыс жұмыстарын өткізу, орындалмаған және сапасыз орындалған жұмыстарға төлем жүргізу деректері анықталған. | Құрылыс жұмыстарын бастағанда авторлық және техникалық қадағалау шарттарын қоса берумен Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды (МСҚБ) жүзеге асыратын органдарға хабарлау қажет. Одан кейін Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау (МСҚБ) органдары құрылыс жұмыстарын бастауға рұқсат жөнінде талон береді. Техқадағалау шарты тәжірибеде кейін тіркеледі, тиісінше талон кейін беріледі. Осы процедуралық себептер бойынша орындалған жұмыс сапасына әсер етпейтін бұзушылықтар тіркеледі. Авторлық қадағалаусыз жобалар бойынша жұмыстарды жауапкершілігі жоқ мынадай жобалаушылар жүзеге асырған: «OST-проект» ЖШС, «UST груп» ЖШС, «Пищепром» ЖШС және басқалары. Осындай ұйымдарға қатысты СРК соттық-талап қою жұмыстарын жүргізеді және сот шешімінсіз олардың авторлық құқықтарын басқаларға беру мүмкін емес. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарын тоқтату мүмкін болмағандықтан, авторлық қадағалауды тегін түрде (шартсыз) тиісті біліктілікпен «Қазсушар» қызметкерлері жүзеге асырған. Техқадағалауды рәсмедеу үшін бас мердігерді анықтағаннан кейін мемлекеттік сатып алулар өткізіледі. Жеңімпазды анықтау рәсімдері кем дегенде 3 айға созылады, одан кейін Қазынашылықта СРК мен техқадағалау арасындағы шартты тіркеу үшін де уақыт керек. Осы уақытта бұл қызметтерді мәжбүрлі түрде «Қазсушар» РМК қызметкерлері орындайды. |
4 | 2014 жылы желтоқсанда пайдалануға қабылданған «Алматы облысы Панфилов ауданында магистралдық каналдарды қосумен Қорғос өзенінде «Достық» бірлескен гидроторабы. Қосу магистралдық каналы соңында гидроэлектрстанциясы» нысаны, құны 1173,5 млн.теңге сапасыз жобалануына байланысты жұмыс істемейді. | Шын мәнінде ГЭС жобалау кезінде жіберілген қателерге байланысты жұмыс істемейді. Жобаның мемлсараптамасын «Мемсараптама» РМК өткізді және Құрылыс істері және ТКШ агенттігімен бекітілді. Бұл жағдайда Су ресурстары комитетінің кінәсі жоқ. |
5 | Комитет 2014-2015 жылдарда 7,6 млрд.теңге сомасына мемлектетік сатып алулар туралы заңнама нормаларын қолданбай су шаруашылығы нысандарын салу және күрделі жөндеуге «Қазсушар» РМК-мен шарт жасаған. «Қазсушар» РМК қосалқы мердігерлік ұйымдарды, жабдықтар мен материалдарды жеткізушілерді таңдау да конкурстық процедуралардан тыс жүзеге асырылған. Комитет сотпен мемлекеттік сатып алулардың жауапкершілігі жоқ қатысушысы ретінде танылған мердігерлік ұйыммен шарт жасау фактісі анықталған. | «Қазсушар» РМК-мен басқа мердігерлермен 2010-2011жж. басталған нысандар бойынша 7,0 млрд.теңге сомасына 9 шарт жаслаған. Сонымен қатар, осы мәрдігерлер 2012-2013 жж. жұмыстарды жалғастырудан бас тартқан, сонымен бірге жұмысты әрі қарай жалғастыру үшін қаржыландыру көлемін ұлғайту талап етілді (бағаналарды қайта есептеу). Көрсетілген компаниялармен қазіргі уақытта соттық талқылаулар жүргізілуде. Ұзақ уақытқа созылған сот процестері есебімен және құрылыс жұмыстарын шұғыл аяқтау қажеттілігіне байланысты осы проблемалық нысандар бойынша шарт «Қазсушар» РМК-мен жасалған болатын. Қарсы жағдайда, жобаларды қайта есептеу, бюджетке қосымша қаражат енгізу және басқалар бойынша қажетті қосымша процедуралар есебімен, жобаларды іске асыру 4,5 жылға кейін қалдырауға тура келер еді, оған сәйкесінше едәуір көп қаражат жұмсалар еді. |
6 | Комитетте бухгалтерлік есеп мүлде жоқ деп айтылған. Бухгалтердің қызметі тиісті біліктілігі жоқ қызметкерге жүктелген. 407,6 млн.теңге жалпы сомасына дебиторлық және кредиторлық қарызды қысқарту фактілері анықталған, есептік ақпаратты бұрмалау, аяқталмаған құрылыстың құнын және 12 790,0 млн.теңгеге негізгі қаражатқа төмендету. | СРК құрылымында Қаржы басқармасы бар, олар бухгалтерлік есепті жүргізуге міндетті және дебиторлық және кредиторлық қарызды жүргізуді қамтамасыз етеді, бухгалтерлік балансты жасау, банктік төлемдерді жүзеге асыру болып табылады. |
7 | Комитеттің заң қызметінің жұмысы нашар ұйымдастырылуына байланысты сотқа бірнеше қайта келмеу және жауапкершілігі жоқ мердігерлік жұмыстарына қатысты талапты уақытында бермеу фактілері жіберілген. Нәтижесінде Комитеттің 19 арызын сот қараусыз қалдырған. | Комитеттің штатында 1 ғана заңгер бірлігі бар. Жыл сайын 280-300 шарты мен қосымша шарттарына қызмет көрсетіледі. Ауқымды жұмыс көлеміне және төмен еңбек ақыға байланысты үлкен мамандардың ауысуы орын алған. Үміткерлердің болмауына байланысты, заңгердің лауазымы бос орын болып қалып отыр. Нәижесінде заң жұмысының төмен деңгейі болып табылады. Министрлікпен Комитеттің заң қызметінің жұмысын күшейту үшін АШМ басқада құрылымдарынан 3 заңгерді іссапарға жіберуге шешім қабылданған. |
Ауыз сумен жабдықтау және гидротехникалық құрылыстар жобаларының құнын талдау | ||||
Жобалардың атаулары | Жобалық, сметалық құны, млн.теңге | Оңтайланды-рудан кейінгі сметалық құны, млн.теңге | Үнемделетін млн.теңге | Ескерту |
СҚО Булаев топтық су құбырын қайта жаңарту | 94 196 | 28 717 | 65 479 | Барлық АЕМ толығымен түгендеу. Келешегі жоқ ауылдарды алып тастау. Тұтынылатын судың көлемін, материалдардың құнын және оңтайландыру туралы барлық шараларды анықтау. |
СҚО Есіл топтық су құбырын қайта жаңарту | 92 261 | 16 097 | 76 164 | |
СҚО Соколов топтық су құбырын қайта жаңарту | 14 597 | 2 560 | 12 037 | |
СҚО Преснов топтық су құбырын қайта жаңарту | 83 904 | 9 626 | 74 278 | |
Ақмола облысы Көкшетау ТС қайта жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру | 55 302,7 | 18 624,1 | 35 678,6 | |
Павлодар облысы Беловод топтық су құбыры қайта жаңарту | 5 554,9 | 3 552,4 | 2 002,5 | |
Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырын қайта жаңарту | 21 100,0 | 6 015,0 | 15 085,0 | |
Алматы облысында Бартоғай су қоймасы бөгетінің сейсмоорнықтылығын көтеру және қайта жаңарту | 9 000,0 | 1 300,0 | 7 700,0 | Гидроторап жұмысына әсер етпейтін жұмыс түрлерін алып тастау (тұнбаны мехтазалау) |
Ақмола облысында суды бөлу және су есептеуді автоматтандыру жүйесін енгізумен Астана су қоймасының құрылыстарын қайта жаңарту және жетілдіру | 31 605,8 | 2 750,0 | 28 855,8 | Жұмыс түрлерін алып тастау (барлық су қоймасын қоршау) |
Барлығы: | 407 521,4 | 89 241,5 | 318 280,1 |
Мемлекеттік бағдарламаның қолданыстағы (05.04.2014ж.) және түзетілген (2015 жылғы жоба) бюджетінің салыстырмалы кестесі | |||
Өлшем бірлігі | Түзеткенге дейінгі (05.05.2014ж.) | Түзетуден кейінгі (2015 жылғы жоба) | |
Бюджеттің шығыны | млн.теңге | 1535,1 | 480,7 |
Талап етілген, алайда пайдаланылмаған суармалы жерлерді пайдалануға енгізу (каналдар мен басқада гидротехникалық құрылыстардың бұзылу себебімен) | мың га. | 60,0 | 600,0 |
Су ресурстарын үнемдеу | млрд.м3 | 0,9 | 2,4 |
Жер үсті суларын жинақтау | млрд.м3 | 0,6 | 1,3 |
Мемлекеттік бағдарламаның қолданыстағы (05.04.2014ж.) және түзетілген (2015 жылғы жоба) бюджетінің салыстырмалы кестесі | |||
Өлшем бірлігі | Түзеткенге дейінгі (05.05.2014ж.) | Түзетуден кейінгі (2015 жылғы жоба) | |
Бюджеттің шығыны | млн.теңге | 1535,1 | 480,7 |
Талап етілген, алайда пайдаланылмаған суармалы жерлерді пайдалануға енгізу (каналдар мен басқада гидротехникалық құрылыстардың бұзылу себебімен) | мың га. | 60,0 | 600,0 |
Су ресурстарын үнемдеу | млрд.м3 | 0,9 | 2,4 |
Жер үсті суларын жинақтау | млрд.м3 | 0,6 | 1,3 |