Баян Есентаеваның қызы өз ұлтын жақсы көрмейтіндерді сынға алды
2015 ж. 18 желтоқсан
5890
6
"Мен үшін өз қанынан бас тартқандар – жиіркенішті адамдар. Олардың құны – көк тиын”, –дейді Қазақстандық продюсер Баян Есентаеваның 19 жастағы қызы Айсәуле Бақытбек.
Өз жазбасын бойжеткен Instagram парақшасында жария еткен. “Маған кей кездері бізде ұлт ретінде жалған намысшылдық бар сияқты болып көрінеді. Бізге ұдайы біреу жаман қарым-қатынас жасап, құқықтарымызды аяқ-асты еткендей болып көрінеді. Өзгелерден өзімізді кем санауымыз – қате пікір. Себебі, біздің жерді еркін басып жүргенімізге бірталай жыл болды, біздің мемлекет ана тілінде сөйлейді, Кеңес одағының қиындықтарынан хабарсыз ұрпақ ретінде тамыр тастап та үлгердік. Балалар қазақ мектебіне барады, тіпті халықтың 21%-ын құрайтын орыстар да өз балаларын қазақ мектебіне беруге кіріскен. Неге? Өйткені, біздің мемлекет гүлденіп келеді, жүзден астам ұлттың Отаны болып отыр. Бұл біздің ортақ мекеніміз”, – дейді Айсәуле. Оның ойынша, соңғы жылдары Қазақстан өз дамуында көптеген жетістіктерге жеткен. “Көбі біле бермейтін де шығар, бірақ біздің елде кедейліктің деңгейі 3% ғана. Ал адамның екінші орындағы қажеттілігі – қауіпсіздік. Маған сенсеңіз болады, Қазақстанда тұрсаңыз, Инглвудта тұрудың қаншалықты ауыр екенін елестете алмайсыз. 2001 жылы елімізде кедейлік деңгейі 47% болғанын да ұмытпағайсыз. Қандай жетістіктерге жеткенімізді ойлап көріңізші. Дүниежүзілік банкке берешегіміздің жартысынан көбісін төлеп үлгердік. Өз елімізде әлемдік деңгейдегі олимпиадалар, жарыстар, іс-шаралар ұйымдастырып жатырмыз. Біз әр уақытта игі болмаса да, ойымызға келгенді кез-келген адамға айта аламыз. Жер-жерді аралап, әлемге көз саламыз. Ауыр кезеңдерді еңсеріп, өз әлемімізді өзгерттік. Ал біздің әлем ол – Отанымыз. Біз өз жеріміздің қожайындарымыз, біз енді өзгелерге ештеңе дәлелдеуге міндетті емеспіз, енді ешкіммен соғыспаймыз”, – деп жетістіктерді тізбектеді продюсердің қызы. Бойжеткен өз ұлтын жақсы көрмейтіндерді сынға алды. “Өз ұлтын ұнатпайтындарды жақсы көрмеймін. “Ауылбай” деп санайтындарды жақтырмаймын. Ауылға барғанға намыстану дұрыс емес. Ал ондай адамдар баршылық. Меніңше, кейбірі ондайларды кезіктіріп те үлгерген. Кей кездері маған барлығына біздің өзгелерге ғана емес, өзімізіге деген қарым-қатынасымыз себепкер сияқты болып көрінеді. Мен үшін өз қанынан бас тартқандар – жиіркенішті адамдар. Олардың құны – көк тиын”, – деп жалғастырды Бақытбек. Айсәуле өз жазбасында бешбармақ пен көрімдік секілді ұлтымыздың ерекшеліктерін сөз етті. “Үйіңіз мінсіз болмауы мүмкін, бірақ онда дүниеге келсеңіз, бекерден емес. Яғни сіз Отаныңыздың алдында белгілі бір міндетті орындау үшін жаралдыңыз. Біздің кей отандастарымыз шағымдармен өз елінен безіп, ақыры қайта оралуды армандап жүр. Себебі, өз отанын сүймейтіндер – бақытсыз бейбақтар. Оларды ешкім себепсіз бешбармаққа шақырмайды, ешкім қымбат дүние алғанына көрімдік бермейді, олардың кешігуі, енді елеусіз қалмайтын болады. Олар бастарын көтеріп, үйінде болғандарына өздерін бақытты сезінеді”, – дейді Айсәуле.
***Тақырып өзгертілді